Қауіпсіздік ережелері
Балалармен жасөспірімдердің арасында жазатайым оқиғалардың санын азайту мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтау міндетті. Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды юодырмау мақсатында балаларды өз еркімен дария жағалауына жібермеу қажет екенін ескертеміз!.
Жазғы демалыс Бурабай
2019 жылдың 30.06-08.07 күндері аралығында мектептің әлеуметтік тобындағы оқушылар Мырзаболат Надира және Талгатов Бактияр Ақмола облысындағы Бурабай курорттық аймағында орналасқан «Звездный» балалар сауықтыру лагерінде «Жалпы оқумен қамту» қоры есебінен тегін демалып келді. Балалар демалумен қатар ем алып, түрлі шараларға қатысып, жаңа достар тауып, зор қуанышқа бөленді.
Жазғы демалыс 2019
М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ оқушылары жазғы демалыстарын тиімді өткізуде. Оқушыларға мектепішілік «Алау» лагері қызықты демалыс ұйымдастырды.
Құрметті ата- аналар, кәсіпкерлер, ұстаздар, қала тұрғындары!!!
2019 жылдың 03.07-30.09 күндері аралығында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында «Менің таңдауым- балаларға көмек көрсету» ұранымен «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді. Қайырымдылық акциясына өз үлесіңізді қосуға шақырамыз.
«Алау» мектепішілік лагері
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2-14 маусым күндері «Алау» мектепішілік лагері жұмыс жасады.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау»
2019 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектеріне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Орал қаласының әкімі М.Р.Мукаев, Орал қалалық маслихатының депутаты А.У.Салиева, қалалық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Б.Ш.Пайдина және М.Б.Ықсанов атындағы қор жетекшісі А.Қ.Атаев қатысты.