«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
АКЦИЯЛАР

Мектеп кітапханасы жаңаша мазмұнда қызмет етіп кітапханада көптеген шаралар түрлері «Барлығын таста, оқуға кіріс!» «Біз оқуды ұсынамыз», «Бір мектеп – бір кітап» акциялары «Кітапты іздеп тап ойыны» «Сиқырлы қоржын»  ойындары «Флеш библио» кітапты жарнамалау сайысы өткізіліп оқырмандарды акциялар мен ойындар арқылы кітапханға кітап оқуға тарту.

Жобаның мақсаты мен міндеттері. 

Жобаның мақсаты: орта буын оқушыларының кітап оқу қызығушылығын дамыту, оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған балалар оқуын қолдау бағдарламасын әзірлеу. 

Міндеттері: Оқырманның қызығушылығын және орта буын оқушыларының оқу сауаттылығын жетілдіруде әдіс - тәсілдерді зерттеп білу, оны оқуда пайдалану, тиімді жақтарын анықтап көрсету. 

1.     Орта буын оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру және олардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында оқыту тәсілінің тиімді әдістерін, түрлерін, бағытын таңдап алу, оны іс-тәжірибеде қолдану. 

2.     Орта буын оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту және оны қолдау бағытындағы бағдарламаларды әзірлеу. 

3.     Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында іс-әрекет жоспарын құрастыру. 

 

                           

 

 Оқушы кітап оқу  арқылы оқырман біліктілігін дамыту, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының кітапқа  деген қызығушылығын арттыру білімінің терең әрі сапалы болуына, оқу техникасының жоғарылауына жол береді, жоғары нәтижеге ұмтылуын қалыптастырады, тұлғаның туа біткен қабілеттерінің ашылуына септігін тигізеді, өз пікірін қоғамдық ортада еркін әрі сауатты жеткізе алуға дағдылануына жол ашады. 

 

 

 

 

 

          Оқушыларды мұғалімдермен бірлесе отырып   кітап оқуға тарту, танымдық тақырыптағы әдебиеттерді насихаттау арқылы түсініктерін жан-жақты кеңейту мақсатында 5-9 сынып оқушыларының арасында мектебімізде ай сайын өткізіліп оқырман өзінің оқыған кітабынан эссе немесе шығарма жазып сыныптарымен ой бөлісіп отырады.

  

 

 

 

 

        

Кітап оқу  жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратынын мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттердің бірі ретінде кітап оқуды мектеп кітапханасы «Бір мектеп – бір кітап» акциясын ай сайын жүзеге асыруды ұсынады.

 

 

 

 

Ойын әрекеті арқылы балалардың тілін дамыту, дағдысын қалыптастыру болғандықтан,  ойын арқылы және көңіл-күй арқылы балалардың тілін дамыту, бір-бірімен байланыс қалыптастыру; оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру; ойын таңдаудағы, ойлағанын жүзеге асырудаға дербестігін жетілдіру; сабырлы әрі ынталы ойнауға тәрбиелеу; әртүрлі ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру, жолдастарына деген қайырымдылыққа тәрбиелеу.