«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Оқушылармен және ата-аналармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру

2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысына сараптама.

2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары төмендегідей нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып құрылды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуір № 145бұйрығымен  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері, 2021-2022 жылдарға арналған әдістемелік нұсқаухаты.Тәрбие жұмысы Тұжырымдамада көрсетілген төмендегідей бағыттар бойынша жоспарланып, жүргізілді:

  1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие ;
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие
  3. Ұлттық тәрбие;
  4. Отбасылық тәрбие;
  5. Еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие;
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты:

Тәрбие жұмысында жаңа әдістер арқылы сыныптағы әрбір жеке-тұлғаны белсенді және саналы азамат етіп тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз ету, жан-жақты дамуына жағдай туғызу.рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

2021-2022 оқу жылының басында бекітілген мектептің тәрбие жоспарындағы барлық шаралар мектеп мүмкіндігіне қарай өткізілді деп есептеп, жаңа оқу жылында  мектептің тәрбие жұмысын іске асыруда алға мына МІНДЕТТЕРДІ қойылды: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілді.

Мектептің әлеуметтік паспортына тоқталатын болсақ

Тәрбие жұмысында зиянды әрекеттердің алдын алып, сауаттылықты бойы сүйетін, адамгершілік қасиетін  қалыптастыру және мектеп ата- аналарымен тығыз байланыста оқушыны әдептілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу бағытында жұмыстар атқарылды.Зиянды әрекеттерден оқушылар бойын қашық ұстауды үйрету мен мектеп ережесін берік ұстаған, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қараған ұқыпты оқушыны қалыптастыру тәрбие жұмысының негізгі міндетіне алынды. Түрлі шараларға оқушылардың қызығушылықпен қатысуына жағдай жасалды. Оқушылардың шығармашылық қабылеттерінің  айқындалуына мүмкіндік берді. Мектеп бойынша «Ұлағат» әкелер, «Мейірім» аналар, «Тұмар» әжелер, «Қыз Жібек» қыздар, «Айбын» жас жол инспекторлары, «Наркескен» жас полицей клубы, «Жас өрт сөндірушілер», «Бейбарыс» әскери клубы жұмыс жасады. Мектепішілік шараларға,қалалық, облыстық деңгейде өткізілген шараларға, жарыстарға, сайыстарға қатасып, жүлделі орындарға ие болды. «Ұлағат» әкелер клубы мектептегі ұл балалармен жұмыстануда, бірлескен шаралар өткізуде белсенді болды. Клуб мүшелері мектеп инспекторымен, құқық қорғау органдары мамандарымен кездесулерге қатысты. «Құқықбұзушылықтың алдын- алу», «Бала тәрбиесі- қоғам тәрбиесі», «Зиянды заттар» т.б тақырыптарда әкелер жиналысы, сұхбат алаңы өткізілді. Мектепте 5-11  сынып оқушыларынан біріктірілген «Шаңырақ» оқушылар қоғамдастығы жұмыс жасады. Жұмыс жоспарлары тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына негізделді. Шаңырақ сағаттары атаулы мерекелерге, ашық есік күндерінде өткізілді. Орал қаласының білім беру жоспарына сай «Салауатты тамақтану», «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ», «Құқықбұзушылықтың алдын- алу», «Ақжайық- адалдық мекені», «Жас ұрпақ» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік- психологиялық орталығы мамандарымен «Жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын- алу»  тақырыбында семинар- тренинг, онкүндіктер, тәрбие сағаттары өткізілді.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының аумағында білім алушылардың/
тәрбиеленушілердің, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан тіркелген жарақаттану жағдайлары болмады.

Алдыңғы жылмен салыстыру бойынша қосымша білім берумен қамтылған оқушылар мен тәрбиеленушілердің өсу динамикасы байқалады. Оқушылар қосымша білім беру  ұйымдарындағы ақысыз және ақылы түрдегі әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатысуда.

ІІД есепте тұрған оқушы жоқ. Қолайсыз отбасы ретінде есепте тұрған 1 отбасы, 2 оқушы.

Біздің мектептеде тәрбие тұжырымдамасындағы қазіргі 8 бағыт бойынша мектепте тәрбие жұмысының жоспары жасақталып, жылдың соңында атқарылған шаралар сараланып нәтижесі шығарылып отырылады. Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарынның мониторингісіне тоқталсақ.

1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағытталған тәрбие оқушының бойына мәдениетті, парасатты қалыптастыру мен туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеді. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімді күшейту, мемлекеттік тілде сөйлеуге деген құлшынысты дамыту мен ұлттық намыс, ұлттық сана- сезімді күшейту, сондай-ақ, халықаралық жағдайды, Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі мәселелеріне талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру азаматтық-патриоттық,құқықтық және көпмәдениетті тәрбиенің негізгі міндеті деп танылды. Мәселен, Білім күні «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» мерекесін және азаматтық және патриоттық  сабағы алғашқы білім күні, «Мектепке жол» әлеуметтік топтардағы оқушыларға «Менің таңдауым- балаларға көмек көрсету» ұранымен өткізілді. «Егемен елдің елбасы», «Менің елім-Қазақстан » атты тәрбие сағаттары, «Тәңір сыйы- тәуелсіздік» шаңырақ сағаты, ҚР  тәуелсіздігіне 30 жыл Музей жетістігі байқауынан 3 орын иеленді. «Еліміздің еркіндігі тәуелсіздік» мерекелік шара, «табиғатты аялайық», «Қазақтың жыр Қадыры», «Қайырымдылық» айлығы, «Ұлыстың- Ұлы күні,  ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, «Ән және сап» байқауы,,т.б. жоспарланған шаралар оздырылды. Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Тәуелсіздікке тағзым» атты жас ақындар мүшәйрасына қатысып Алғыс хатқа ие болды. «Ел ертеңі- жастар» атты эссе байқауына қатысты;Тәрбиенің осы бағытында көбірек жұмыстанған 2-10 сыныптар. «ЕР есімі ұмытылмайды!» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу  жоғары деңгейде өткізілді.Қалалық шараларға да оқушылар белсене қатысты. «Келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» тақырыбындағы Б.Жұмағалиевтің 100 жылдығына орай  эссе жазу бойынша 2 оырн, «Ақ жайықтың ақ шағаласы» атты ІІ қалалық Ақұштап оқларында «Мені оқитын халық бар...» эссе бағыты бойынша 2 орын, «Әбіш оқулары-2022» байқауы мәнерлеп оқудан Алғыс хат,

Қосымша білім беру ұйымдастырған  «Бард әндері» байқауынан 1 орын иеленді. Жоспарланған шаралардың ішінде өз дәрежесінде оздырылған шараларды атап өтсек: « Туған жерге тағзым ету- парызым» түлектер форумы, «Елбасының рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын түсіндіру бағытында оқырмандармен сұхбат, « Дұрыс тамақтану» және Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары» онкүндігі және «Жарақаттанудың алдын алу» , «Құқықтық тәрбие-өмірлік қажеттілік», «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгезсіз балалық шақ» апталығы өткізілді. 1-желтоқсан Президент күніне орай мәжіліс залында оқушыларға ой салатындай дәрежеде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы" тақырыбында тәрбие шарасы ұйымдастырылды. Құқықтық тәрбие беру бағытының жоспарына сай жыл бойына  мектеп инспекторымен бірге  құқықбұзушылықтың алдын- алу мақсатында бірқатар шаралар өткізілді. Мектеп инспекторы  «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»  тақырыбында аналар, әкелер жиналысында баяндама оқыды. ІІД қызметкерлерімен, нарколог- мамандармен, діни ұйымдар мамандарымен атты  7-10 сынып ұлдары, қыздарымен жиналыс, онлайн кездесулер оздырылды. Сонымен қатар 5-10 сыныптар арасындағы қыздармен бөлек жиналыс өткізілді. Сынып жетекшілер әр сенбіде өтетін тәрбие сағаттарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді..Айына бір рет мектеп инспекторы «Оқушылар арасында заңнамаларын түсіндіру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру» құқықтық оқулар жүргізіп отырды.Каникул уақытында «Түнгі мезгілде балалар мен жасөспірімдер жиналатын орындарға кезекшілік орнату» атты рейдттік тексерістер жүргізілді.Сынып жетекшілерге каникул уақытында   тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасы балаларының бос уақыттарын тиімді пайдалану барысында жұмыстану тапсырылды. «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық апталығы оздырылды. «Құқық-өмір айнасы » сұхбат алаңы өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жұмысы жоспарына сай «Парасатты азамат» бұрышын жасалды. «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылды. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз", «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» суреттер байқауы, «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шғыармалар жазу, кездесулер өткізілді. Балалар мен жастарға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру жоспары құрылды. Алгоритм бойынша жұмыстану бұйрығы шығарылып, жұмыс тобы құрылды. «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында іс- шаралар және бейнероликтер көрсетілді. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың және қаңғыбастықтың алдын алу  «Үйде, көшеде, қаладағы тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік», «Өзіңнен баста- Начни с себя!» акциялары өтті.

Рухани-танымдық тәрбие бойынша атқарылатын жұмыс жоспарының негізгі мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру. «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік топ мүшелеріне көмектер берілді. «Мейірбандық күндер» айлық өткізілді. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мектеп түлектері бейне құттықтауларын жіберді. Адамгершілік-жыныстық тәрбиесі бойынша  «Қыз бала –ұлттың ұяты, халықтың шырайы» сұхбат, Адамгершілік-жыныстық тәрбиесі бойынша емхананың салауатты өмір салты бөлімінің дәрігерлерімен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен, ЖИТС ОО-ның қызметкерлерімен кездесу онлайн ұйымдастырылды. «Ұл мен қыздар арасындағы достық», « Гендерлік тәрбие бұл......» танымдық сағаттары өткізілді. Аналар және әкелер жиналыстары өтті.

«Туған жерге тағзым», «Қоғамға қызмет етемін» әлеуметтік жобалары нәтижелі жұмыстар жүргізді. «Музейтану» үйірмесі бойынша оқушылар қалалық байқаудан -2 орын, «Атамекен» қалалық балалармен жас өспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастыруымен өткен қалалық байқауда І орын, музей маршруты-І орын, «Бір жәдігер- бір әлем»- І орын иеленді.

Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шаралары барысында 9-11 сынып оқушыларына бірқатар кездесулер, танымдық  сағатар өткізілді. «Қазақстандағы теріс ағымдағы діни экстремизм және терроризм қауіп-қатері» бейне фильмдер, «Деструктивті діни ағымдар қауіптілігі» жәліже, «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама» , «Вербовка» балаларға кері әсер ететін қауымдастықтар туралы ақпарат жаднамалары берілді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» бейнефильмдері желіге жүктелді. Теолог маман С.Гизатовпен

 «Жастар және жат ағым» тақырыбында кездесу өтті.

Ұлттық тәрбие бағытының негізгі мақсаты тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету. «Тіл – татулық тірегі» онкүндік, «Мемлекеттік рәміздер – Ұлттық мақтанышымыз» көрме, «Мұражайдағы бір күн» жобасы аясында каникул кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 1-11 сынып оқушылары қаладағы өлкетану, рухани жаңғыру, өрт сөндірушілер мұражайларына барып, тың мәліметтер алды. ҚР Тілдер мерекесіне орай 16-20 қыркүйек күндері аралығында "Толғауы тоқсан қызыл тіл" тақырыбында апталық өтті. Ұлы А.Құнанбаевтың 176 жылдық мерейтойы аясында 5-11-сынып оқушылары арасында ақын шығармаларын мәнерлеп оқудан көкпар сайысы, орыс тілі пәнінен "Язык-знак дружбы" мәнерлеп оқу сайысы, ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс шара оздырылды.Апталық концерттік бағдарламамен қорытындыланып, белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Отбасылық тәрбиенің негізгі мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.

Отбасы күніне арналған «Бәрі отбасынан басталады», «Отбасының басты құндылықтары»,«Үйде құт болса, қазына керек емес» тәрбие сағаттары,«Буккроссинг» акциясы, «Менің отбасым» көрме,  «Толағай» отбасылық эстафета өтті. Ақпан айында ата- аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды. Ата- аналар сабақтарға, сыныптан тыс шараларға белсене қатысты. «Отбасы бақыт мекені» республикалық акция шеңберінде 2019 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында ата- аналармен біріккен шаралар ұйымдастырылды. Жарысқа 1-2сынып ата-аналары Куспановтар,Тлеукайровтар, Майрамғали, Рафхат отбасылары қатысты.Мақсаты: отбасында ата-аналардың баланың әрбір ісіне жауапкершілікпен қарауға, бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөлу, т.б. жауапкершілігікті арттыру

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты негізгі мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру. Еңбек күніне арналған «Еңбек түбі – береке»,«Еңбек бәрің де жеңбек» тәрбие сағаттары, «Әлемнің әміршісі еңбек» оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкесі өткізілді. Экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғатпен достасқым келеді», «Табиғатты бірге сақтайық!» сынып сағаттары, «Батыс Қазақстан – туған өлкемнің табиғаты!» көрме, «Туған елге тағзым» жобасы жүрді.

Кәсіби-шығармашылық тәрбие беру бойынша 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағытында оқушыларға түсініктер беру жұмыстары жүргізілді. Арнайы орта колледждері, ЖОО мамандарымен үнемі кездесулер өткізілді. Колледждердің, жоғары оқу орындарының базасымен танысу мақсатында «Ашық есік» күніне қатысты. «Барлық мамандықтар жақсы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мектеп түлектерімен кездесулер өтті.

11 - сынып  оқушыларымен «Мамандық еліне саяхат»  тақырыбында  сабақ  өткізлді.11 сынып оқушыларына «Мамандықтар әлеміне сапар» аты ойындар мен жаттығулар, тренинг және оқушылармен пікірлесу, дебат өткізілді

Көпмәдениетті және көркем- эстетикалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. «Алтын күз» мерекесі  1-11 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. 1-5 сынып оқушылары «Күз кереметтері» тақырыбында көрме ұйымдастырса, 6-8 сынып оқушылары сурет байқауына қатысты. 9-11 сынып оқушыларына «Fantasy Fest» күзгі бал шарасы өткізілді. 25-26 желтоқсан күндері «Келдің міне, Жаңа жыл» мерекесі ұйымдастырылды.Оқушыларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлауға ертегі кейіпкерлері мен мультфильм кейіпкерлері де келіп жетті. Балалар шыршаны айналып, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетіп, ортаға салды. Балаларымызға жаңа жылдық көңіл күй сыйлауға ат салысып жүрген мектебіміздің еріктілер тобының мүшелері қатысты.Наурыз айында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай арнайы акциялар, 8 наурыз мерекесіне орай «Ана бақыты- бала бақыты»  мектепішілік шарасы ұйымдастырылып, оқушылар отбасы мүшелерімен Ана тақырыбында ән айтты, би биледі. 9-11 сынып оқушыларына « Күн нұры» көктемгі балл өтті. Оқушылар белсенді қатысып, би өнері, сурет салу шеберліктерін көрсете білді. 5-7 сынып оқушыларына  «қыз қылығымен көрікті....» байқауы өтті. Байқау барысында қыз балаларымыз өз өнерлерін ортаға салды. Мектебімізде шуақты да жарқын көрісу мейрамына байланысты «Тұмар» әжелер клубы мүшелерінің қатысуымен «Көрісу-жүрек нұрымен бөлісу» шарасы өткізілді.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағытының негізгі мақсаты әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру. Абай Мадина «Мемлекеттік» және «Тарлан» сыйлықтарының иегері Қадыр Мырза Әлиге 85 жыл толуына орай «Қадыр оқулары» көркем сөз онлайн байқауына қатысып жүлделі І орынға, Ұлы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Желбіре, жеңіс алауы» атты қалалық қашықтықтан өткізілген интернет – байқауының «Эссе» бөлімі бойынша да қатысып бұл байқауданда І орынды иеленді. Нұрғали Сымбат Республикалық Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған байқауда «Көркем сөз» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом,  Жәнгір Нурсана 8 сынып - «Алтын қазына» атты көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңіне белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат», Сертек Мадина 8 сынып - «Алтын қазына» атты көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңіне белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат» , Рамазанова Жанель 9 сынып - «Алтын қазына» атты көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңіне белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат»,Чулкина Милана 8 сынып - «Алтын қазына» атты көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңіне қатысып, «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинация бойынша жүлделі ІІІ орын иеленді.

Хамит Айшабибі 6 сынып - «Қадыр оқулары-2022» байқауының Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығынан ән айту бөлімі бойынша «Алғыс хат»,Хамит Айшабибі 6 сынып«Ұлы жеңістің жаңғырығы» атты республикалық қашықтан өткен марафонның қалалық кезеңінде «Патриоттық әндер» номинациясы бойынша «Алғыс хатқа» ие болды.Берик Айнур Daryn.online платформасында үш тілдікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған І Республикалық «Жас полиглот» олимпиадасына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» атты байқауында «Бейнелеу және қолөнер» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін Ахатова Ұлболсын бас жүлдеге ие болды. «Мамандық – жетістік мерейі» оқушылар арасында түрлі маман иелерімен кездесу өткізу өтті. «Бір ел – бір кітап» акциясына оқушылар белсенді қатысты.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты бағытының негізгі мақсаты:салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық күні» өтіп, 1-11 сыныптарда «Денсаулық пойызымен саяхат»,«Дені сау ұлт – Дені сау мемлекет», «Біз ЖҚТБ-ға, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсымыз, біз салауатты өмір салты үшін» сынып сағаттары өткізілді. Бұл бағытта наркологиялық ұйымымен және «Салауатты өмір салты» орталығымен бірлесіп жұмыстандым. Жоспар бойынша наркологиялық бекет ұйымының төрайымы, мүшелері, ерктілер тобы тағайындалып, мектепішілік бұйрық шығарылды. Әлеуметтік педагогтің жұмыс жоспары бойынша «Салауатты өмір- Жарқын болашақ!», «Денсаулық күні», «Біз салауатты өмірді таңдаймыз!», «Зиянды әдеттердің адам ағзасына зияны», «Ессіз құмарлық денсаулықтың жауы» атты іс-шаралар ұйымдастырылды, сонымен қатар «Дені саудың жаны сау», «Мен өмірді таңдаймын!», «Салауатты тамақтану» атты тәрбие сағаттары мен салауатты өмір салты орталығынан арнайы маман Ә. Берікқалиевпен  және Т.Бурковамен бірнеше кездесулер өткізілді. Балалар мен жасөспірім дердің бойында позитивті өмірлік ұстаным қалыптастыру бойынша шаралар ұйымдастырылып, жұмыс жоспары құрылды. Оқу жылының басында «Тәуекел» тобындағы балаларын анықтау жүргізілді. Мектепішілік бақылауға оқушылар алынды. 7-11 сынып оқушыларымен емхана психологімен кездесу,ата- аналар жиналысында баяндама оқылды. Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін жаднамалар таратылды. Мектепте «Сенім поштасының» жұмыс жасайды. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік қолдау көрсету орталығы мамандарымен үнемі кездсулер өткізілуде. Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі үнемі бақылауда. Күзгі, қысқы, көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері таныстырылады.

Мерекелік шаралар кезінде оқушылар қауіпсізідігін сақтау, су, жолда жүру, өрт қауіпсіздігі бойынша жаднымалар беріліп, бейнероликтер көрсетілді.

Аты-жөні

Спорттың түрі

Деңгейі

Мұғалім

1

 Магазов Мейрбек

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша футбол ойыны. «Үздік ойыншы»      

Қалалық

Н.С.Абуева

2

 Маратов Ринат

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша футбол ойыны. «Үздік ойыншы»        

Қалалық

Н.С.Абуева

3

Талапқали Мерей

Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша қол күресінен жарыс

Қалалық

Н.С.Абуева

4

Талғатов Бақтияр

Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша қол күресінен жарыс

Қалалық

Н.С.Абуева

5

Жанат Рысбек

Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша қол күресінен жарыс

Қалалық

Н.С.Абуева

6

Курманова Айнагуль

Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша қол күресінен жарыс

Қалалық

Н.С.Абуева

7

9-11

Жоғары инженерлік –технологиялық

колледжінің ұйымдастыруымен кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында қалалық, облыстық мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында оздырылған волейбол жарысы

облыстық

Н.С.Абуева

8

Талапқали Мерей

 Облыстық ХІ жазғы мектеп оқушылар гимназиадасынан 2005-2007 ж. ұлдар арасында армрестлингтен 65 салмақ дәрежесі бойынша

І орын

Н.С.Абуева

9

Аймуханов Әділет

 Облыстық ХІ жазғы мектеп оқушылар гимназиадасынан 2005-2007 ж. ұлдар арасында армрестлингтен 80 салмақ дәрежесі бойынша

ІІІ орын

Н.С.Абуева

10

Мәлік Абай

«Жас құтқарушы-2022» қалалық балалар мен жасөспірімдер жарысына қатысып, «Өрт эстафетасы» аталымының Білгірі атағына ие болған 

Қалалық

М.Н.Бисемалиев

11

 №36 ЖОББМ «Жалын командасы»

«Жас құтқарушы-2022» қалалық балалар мен жасөспірімдер жарысына белсене қатысқаны үшін »

Қалалық

М.Н.Бисемалиев

Ж.Н.Меңдешов

12

Мұқанов алихан

«Жас құтқарушы-2022» қалалық балалар мен жасөспірімдер жарысына қатысып,«Алғашқы көмек көрсету» аталымының Білгірі атағына ие болғаны үшін

Қалалық

Ж.Н.Меңдешов

13

Баскетбол командасы 7-8 сынып

ҚР Тәулсіздігінің 30 жыл  мерекесіне орай өткізілген жолдастық кедесуде

    Облыстық

М.С.Жангалиев

14

Баскетбол командасы 7-8 сынып

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетболдан ІІІ орын       

Қалалық

М.С.Жангалиев

15

Абдрахманов Чингиз

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетболдан ІІІ орын       

Қалалық

М.С.Жангалиев

16

Кеңес Назар

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетболдан ІІІ орын       

Қалалық

М.С.Жангалиев

17

Мқсотов Алишер

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетболдан ІІІ орын       

Қалалық

М.С.Жангалиев

18

Тастемиров Шадияа

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетболдан ІІІ орын       

Қалалық

М.С.Жангалиев

19

Маликов Нұрсұлтан

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетболдан ІІІ орын       

Қалалық

М.С.Жангалиев

20

Хамзин Сұлтан

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетболдан ІІІ орын       

Қалалық

М.С.Жангалиев

21

Сүйіндіков Арнұр

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетболдан ІІІ орын       

Қалалық

М.С.Жангалиев

22

Хамзин Сұлтан

«Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша баскетбол ойыны. «Үздік ойыншы»      

Қалалық

М.С.Жангалиев

23

Хамзин Сұлтан

ҚР Тәулсіздігінің 30 жыл  мерекесіне орай өткізілген жолдастық кедесуде«Үздік шабуылшы»      

    Облыстық

М.С.Жангалиев

24

Баекес Даяна

1.Диплом ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған Мектептен тыс жұмыс орталығының әскери-патриоттық  ойынында патриотттық ән айту сайысында І орын иеленгені 

Қалалық

Н.С.Жұмағалиев

25

   №36 ЖОББМ «Бейбарыс» әскери-патриоттық

Қалалық мектеп және әскери-партиоттық клубтар арасындағы«Айбын-2022»әскери-патриоттық жастар жиынына белсене қатысқаны үшін

Алғыс хат

Н.С.Жұмағалиев

Мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігіндегі мінез- құлық мәдениетіне, киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу бағыты бойынша атқарылатын жұмыстардың негізгі мақсаты: оқушының  қоғамдық ортада өзін  ұстай білу, қоғамда сыйлы болуы және бағалануы, мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету балалардың жарақат алуының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. «Ақпараттық қауіпсіздік деген не?» сынып сағаттары. «Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ»  жоспары құрылды. Ұл балалар арасында  зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау,  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлығын арттыру мақсатында 7 ұлдар жиналысы, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын- алу мақсатында  құқыққорғау мамандарымен «Құқықтық сауаттылық- заман талабы», «Жасөспірім нені білу керек?», «Құқықбұзушылықтың түрлері және алдын алу», «Жыныстық қолсұғушылық және заңдық жауапкершілік»  тақырыптарында  жыл басынан бастап 5 рет кездесу ұйымдастырылды. Мектеп инспекторы Абай ПБ ЖПК ЮПТ аға лейтенанты А.Сатыбалдиев барлық ұлдар жиналысына, сынып сағаттарына қатысып, аталған тақырып бойынша үнемі түсінік жұмыстарын жүргізді. «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын- алу» тақырыбында Абай ПБ ЖПК ЮПТ аға инспекторы Б.Нұрхатова 8-11 сыныптар оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында 9 сынып оқушылары белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойды. Мінез- құлық мәдениетін қалыптастыруда мектеп педагог- психологі К.Губашевпен брге «Ұлдарға кеңес» «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы» «Маған өмір керек, мен өмірге керекпін», «Өміріңе немқұрайлы қарама», «Достықты бағала», «Жасөспірім нені біру керек» т.б тақырыптарда тренингтер, кеңес сабақтары өтті. Мектеп медбикесімен «Жасөспірімдердің  жеке бас гигиенасы», «Жасөспірім шақтың ерекшеліктері» тақырыптарында  сынып сағаты өткізілді.

Тәрбиенің бағытындағы жұмыстарды әлеуметтік педагог және тәлімгер, психолог бірге отырып өткізді. 9-11 сыныптарға кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мамандықтың бәрі жақсы» 9-10сынып оқушыларына профильдік оқытулар бойынша колледж  мамандарымен кездесулер ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында «Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман». 11 сынып оқушылары мен пән мұғалімдерімен бірлесе отырып өткізілді.   Шараның басты мақсаты 11 сынып оқушыларына мамандық таңдау және таңдау пәндерінен қателеспей тоқталу болды. Ата- аналармен арнаулы, жоғары оқу орындары мамандарымен кездесулер өткізілді. Ашық есік күндеріне қатысты.

Діни экстремизмнің алдын алу барысында сыртқы ортамен біріге отырып, шаралар өткізу мақсаты көзделді. Діни экстемизмге қарсы тұру заңнаманы түсіндіру мен толеранттық идеяларды насихаттау бойынша үнемі жұмыстанатын дәріс оқитын топтарды ұйымдастыру міндетімен жұмыс жүргізілді. Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шаралары аясында «Қазақстандағы теріс ағымдағы діни экстремизм және терроризм қауіп-қатері» бейнефильм көрсетіліп, ата-аналармен діни сауаттылығы туралы түсінік жұмысын жүргізу барысында берілді. Дәстүрлі емес діни ағымдар және қазіргі әлемдегі оның әсері (дәріс), Толеранттық тақырыбына сурет, шығарма, рефераттар конкурстарын ұйымдастыру секілді шаралар өтті. Тәрбиенің бағытындағы жұмыстарды тарих пәнінің мұғалімдері өткізді. «Әлі де кеш емес» атты кездесу кешіне Дін Басқармасының теолог мамандары Убаев Наурыз Ибатұлы және С.Гизатов шақырылып, ақыл-кеңестері тыңдалды. Жоспарға сәйкес сынып сағаттары, дін басқармасының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Бейнероликтер көрсетіліп отырады. Оқушылардың І жартыжылдықта VK , в контакте, инстаграмм  почталары тексерілді. Суицидке бейім оқушылар  анықталған жоқ. Ата- аналармен аталған жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. 2020 жылдың ақпан, сәуір айларында «Шанс» жасөспірімдерді әлеуметтік- психологиялық қолдау орталығы заңгері және әлеуметтік педагогі «Дін және қоғам», «Дін туралы не білеміз?» тақырыптарында семинар- тренингтер өткізілді.

Жалпыға бірдей міндетті білім беруді ұйымдастырубойынша тәрбие мен білімді біріктіре отырып, әртүрлі шаралар өткізу мақсатында жұмыс өрбіді. Сабақты себепсіз жіберетін және кешігетін оқушылардың ата-аналарымен жеке жұмыс ұйымдастыру мен пәнаралық байланысты күшейту мақсатында  шаралар өткізу міндеті койылды. «Озаттар шеруі», «Жұлдыздар шеруі», секілді шаралар өз қолдауын тапты. Тәрбиенің бағытындағы жұмыстарды сынып жетекшілер бірлестігі өткізді.

Оқушылар өмірі қауіпсіздігінің алдын алу, өрт, су, жолда жүру ережелерін сақтау, үйретубарысында көптеген шаралар өтті. Мәселен, аман- есен жүрейік, жол тәртібін білейік!, жолда жүру ережелері туралы (қабырға газеттерін шығару), жолда жүру қауіпсіздігі (диктант, шығарма жазу), «Оқушылардың жол көлік оқиғасы кезінде өздерін ұстай білу ережелері» (конференция), «Өрт- адам үшін үлкен қатер», «Өрттің себептері», «Судан сақтану ережелері» секілді тәрбие сағаттары мен конференциялар соған дәлел. Барлық сынып оқушылары қамтылды. Жоспарға сәйкес 1-11 сынып оқушыларына «Өрт – тілсіз жау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, сынып жетекшілер оқушыларға өрттің шығу себептері, оның алдын алу туралы түсінік берді. Әр түрлі жағдаяттардан, ақпарат құралдарынан мысалдар келтіріп, үй жағдайында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы пікірталастар жүргізіп, оқушыларды қызығушылықпен қатыстырды. 1-4 сынып оқушылары сурет көрмесін ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының білім беру стандартына сәйкес тәрбие беру міндеті жүктелді

1-сыныптарда «Қауіпсіздік әліппесі» атты сурет байқауы және 3-сыныптарда «Жарақаттың алдын алу. Алғашқы көрсетілетін көмек» атты машықтық сабақтар жүргізілді. 16-17-қыркүйек күні сағат 18.00-де «Қауіпсіз мектеп» атты  жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Мектеп инспекторы балаларға арналған қауіпсіз интернет туралы ақпарат беріп өтті.

9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында БҚМУ, БҚТИК,КАЗИИТУ, жоғары медициналық колледжі, жоғары техникалық коледжі мамандарымен жыл бойына онлайн және офлайн кездесулер өткізілді. Ата—аналар жиналыстарында ақпараттық жұмыстар жүргізілді.Оқушылар сынып жетекшілерімен бірге ашық есік күндеріне қатысты.

Қорыта келгенде жоғарыда аталған бағыттар бойынша жоспарланған шаралар өз деңгейінде оздырылды. Барлық тәрбие бағыттары өз дәрежесінде жоспарға сай өткізілді. Қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру, клубтардың жұмысын күшейту көзделініп отыр.Барлық сыныпта да қыздар мен ұлдар тәрбиесіне жоспар бекітіліп, хаттамалары қаралып отырды.  Өрттен сақтандыру тобы оқушылар өмірі қауіпсіздігінің алдын-алу, өрт ,су, жода жүру ережелерінің сақтау, үйрету мақсатында әр түрлі шаралар өткізілді. Оқу жылының аяғында оқушылардың тәрбие деңгейін анықтау мақсатында сынып жетекшілерге диагностика жүргізілді.

«Жас өрт сөндірушілер клубы 8-9 сынып оқушыларының ер балаларынан құрылды. Жұмыс жоспарына сай оқушыларға жол, өрт,су қауіпсіздігі жөнінде нұсқаулықтар жүргізді. Іс- шаралар өткізді. Оқушыларға клуб мүшелері мектеп бойынша қауіпсіз есіктермен таныстырды. Патриот айлығы кезінде дабыл бойынша қауіпсіз жерге орналастыру шарасы өткізілді.

«Айбын» жас жол инспекторлары клубы мүшелері жыл бойына жұмыс жүргізді. Оқушылардың құқықтық  білімдерін тереңдету, заң алдында жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа баулу. «Абайла жолдан, Жас ұлан», «Өміріңді сақтау қолыңда, жол тәртібін орында» тақырыптарында танымдық сағаттар өткізді. «Наркескен» жас полицей клубы мектеп инспекторымен бірге клуб мүшелері рейд жұмыстарына қатысты. Құқықбұзушылықтың алдын- алу мақсатында бірқатар танымдық сағаттар, сынып сағаттарын өткізді. Оқушылардың белсенділігі өте жоғары.

Психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес психологиялық жұмыстар  жүргізілді. Диагностикалық бағыты бойынша оқушылардың психологиялық жеке картасын дайындаудан басталды. 1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында психодиагностикалық жұмыс бағыты бойынша «Керн-Йерасик» тесті алынып, нәтижесі шығарылып қорытынды жасалынды. 2-4 сынып бойынша оқушылардың таным процесстерін диагностикалау мақсатында тест алынып,оқушылардың есте сақтау, зейін, қабылдау, ойлау, қиял деңгейлері тексеріліп, бланктер толтырылды 5 сынып  оқушыларын мектепке бейімделу жағдайын анықтау үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың бейімделу деңгейі туралы  сынып жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, сынып жетекшілерге, жеке ата-аналарға  ұсыныстар берілді. 11 сынып  оқушыларының емтиханға  дайындық  деңгейлерін  анықтау  үшін «емтиханға  дайындыққа  өзін-өзі  ұйымдастыру»  сауалнамасы  өткізілді.  Нәтижесінде оқушыларға  емтиханға  дайындықтарын күшейтуге, сынып  жетекшіге оқушылардың  дайындықтарын бақылауға, ата-аналарға балалардың  емтиханға  дайындықтарын  үйден  қадағалап, қолдау  білдіруге  ұсыныстар  берілді.

Ағартушылық-кеңес  жұмысы  бойынша бейімделу  кезінде  қолдау көрсету  мақсатында  ата-аналарға  баланың  психологиялық  ерекшелігіне, мектепке бейімделуіне, қарым-қатынасты нығайтуға байланысты баяндамалар оқылып, сауалнама, түрлі  тренингтер өткізілді. Сонымен  қатар  жас  мамандардың  бейімделуіне психологиялық  қолдау  көрсету мақсатында «Жас маман, алға бас қадам!» тренинг жүргізілді. Жас мамандарға арналған жадынама берілді.

Түзету және дамыту бағыты бойынша қалалық ПМПК шешімімен ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  оқушылар,  «R»  тобындағы оқушылар есепке алынып, жеке психологиялық карталары жасақталып түзету және дамыту жұмыстары жүргізілді.Психологиялық-диагностикалық бағыты бойынша оқушылардың бойындағы қобалжу деңгейлерін анықтау  мақсатында 1 сыныптарға «Көңілді, көңілсіз» әдістемесі, 4-7 сыныптарға «Филипс бойынша Қобалжу» әдістемесі, 9-11 сыныптарға «Кондаш  бойынша Қобалжу»  әдістемелері  өткізіліп, нәтижесінде нәтижесінде  қобалжу  деңгейлері  өте  жоғары және  жоғары  оқушылармен  сынып  жетекшілеріне  ескертіліп, жұмыстар  атқарылды.

5-10 сынып  оқушыларына «Ағаш» Д.Лампен бейімделген Л.П.Пономаренко, әдістемелері жүргізілді.8-11 сынып оқушыларына суицидке бағытталғын зерттеу СБА сауалнамасы жүргізілді. 5 сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға бейімделу кезеңінің жағдайын зерттеу жүргізілді. Сонымен  қатар сыныптағы  қарым-қатынасты анықтауға «Социометрия» әдістемелері жүргізілді. Бұл әдістемелер оқушылардың жеке даму  деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын, оқушылардың мектеп өміріне бейімделу процесін анықтау мақсатында жүргізілді. Бейімделу үстіндегі оқушыларға жүргізілген әрбір әдістемені талдап, анықталған нәтиже бойынша ұсыныс беріліп, ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы жүргізілген психологиялық зерттеу нәтижесімен сынып жетекшілер мен ата-аналарға таныстырылып, ұсыныстар берілді.5-10 сынып  оқушыларына зиянды  әдеттерге  бейімділігін  анықтау    мақсатында сауалнамалар жүргізілді.

Психологиялық  профилактика бағыты бойынша 5 сыныптарға  бейімделу кезінде  қолдау көрсету үшін «Сенімділік  күш береді» тренингі, 11 сынып оқушыларына емтиханға дайындыққа қолдау көрсету мақсатында қобалжуды қалыпқа келтіру  жаттығулары, құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізілді.  Ағартушылық-кеңес жұмыс бойынша «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Әке тұрып ұл сөйлегенен без» тақырыбында сынып жетекшілермен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысуымен қыздар, ұлдар отырысы өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.Түзету-дамыту  жұмысы  бойынша R тобындағы  оқушыларымен өмірдегі  көзқарастарын  анықтау, оларға  қолдау  көрсету мақсатында  «Менің  өмірлік  жолым» тақырыбында  әңгімелесу  жүргізіліп, 11 сынып  оқушыларына  емтиханға  дайындыққа қолдау  білдіру  мақсатында  дәрістер  оқылды.

Диагностикалық бағыт бойынша 5 сынып  оқушыларына оқуға, мектепке  қызығушылық  деңгейлерін  анықтау мақсатында «Оқу  мотивациялары» зерттеліп, нәтижесінде  оқу  мотивациясы  төмен  оқушыларға  психологиялық  кеңес  жұмыстары  жүргізілді. Мектеп  педагогтарына  бойындағы  агрессия  деңгейлерін анықтауға  байланысты зерттеу  жүргізіліп, жеке  кеңестер берілді.

Түзету-дамыту  жұмысы  бойынша Инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылармен психологиялық түзету және дамыту жұмыстары бойынша жоспар құрылып жұмыстар жүргізілді. Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік таным қабілеттерінің даму деңгейін, соның ішінде ой-өрісін дамытатын психологиялық жаттығулар мен ойындар түрі, есте сақтауға байланысты суреттік тапсырмалар, арттерапия жаттығулары жүргізілді.

Ағартушылық-кеңес  бойынша  сынып жиналыстарында «Мектеп  жасындағы балаларды зорлық – зомбылықтан жыныстық қолсұғушылықтан қорғау және алдын – алу», «Мектептегі Кибербуллинг және буллинг» атты  баяндамалар  оқылды.

Диагностикалық бағыты бойынша жоспарға сәйкес 5 сынып оқушыларының бойындағы агрессивтілік  деңгейлерін анықтауға  «Агрессия белгілері» 6 – 11 сынып оқушыларына «Агрессивтілік» Айзенк 10 сұрақ сауалнамасы, өзін-өзі  бағалау  деңгейлерін анықтау мақсатында диагностикалар  жүргізілді. Зерттеу  нәтижесінде агрессия  белгілері  басым, өз-өзі  бағалауы  төмен  оқушылармен  жеке  жұмыстар жүргізіле  отырып, ата-аналары  мен  сынып  жетекшілеріне  ұсыныстар  берілді.

Педагогтерге оқушылармен  дұрыс  қарым-қатынас  қалыптастыруға  қолдау  көрсету  мақсатында  тренинг-сабақ  өткізілді. 9,11 сынып оқушыларымен “Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда!” атты психологиялық тренинг-сабақ жүргізілді. Оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін- өзі көрсете алу дағдыларын қалыптастыру. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру. Мамандық таңдауда дұрыс жолға бағыттау.

Ағартушылық-кеңес  бойынша  9-11 сынып оқушыларына оқу процесіндегі материалдары есте сақтауды  жақсарту  үшін  ақыл-кеңестер  берілді.

Психологиялық  профилактика бағыты бойынша  5-11  сыныптарда барлығы 43 сабаққа қатыстым. Оқушылардың мұғалімдермен қарым –қатынасы, сабақтағы тәртіптері , сабаққа қатысу белсенділігі жақсы деңгейде қалыптасқан.     

Диагностикалық бағыты 9 -11 сынып  оқшыларына ойлаудың тип ерекшелігін анықтауға «Ойлау  типі» әдістемесі жүргізілді. 10 – 11 сынып оқушыларына кәсіби бағыттылығын диагностикалау «Қызығушылық картасы» А.Е.Галамшток әдістемесі жүргізілді. 9 - сыныптарға «Темперамент және мамандық» әдістемесі жүргізілді.

9 сынып  оқушыларына қобалжу  деңгейін  анықтау  қорытындысы  бойынша  жеке, топтық кеңес  беру, көмектесу  мақсатында «сенімділік  күш  береді» тренингі, 11 сынып  оқушыларына ҰБТ-ке  дайындық  кезеңін  ұйымдастыру  эмоциясын  бақылау  мақсатында «Эмоция және мінез-құлық» тренингтері  өткізіліп, оқушыларға  жақсы  көңіл-күй  сыйланды. Р тобы  оқушыларымен «Агрессивті  әрекеттің  алдын-алуға»  байланысты  жеке кеңестер  берілді.

Психологиялық профилактика бағыты бойынша 8 сынып оқушыларына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  «нашақорлық және құқық бұзушылық» тренингі өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын-алуға байланысты  «Әркім  өз алдындағы  жауапкершілікті сезінейік» тренингі жүргізілді. Тренингке  барлық  оқушылар қызығушылықпен  қатысты.

11 сынып оқушыларымен “Біз стресске бой бермейміз” тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Оқушыларға стресстің пайда болуы себептерін, алдын алу жолдарын, ағзаға тигізетін әсерін айту.

6 – сынып оқушыларына арналған «Мен ерекше қайталанбайтын тұлға» тақырыбында тренинг жүргізілді. Диагностикалық бағыты  бойынша  8 сынып  оқушыларына кәсіби  бағытталған диагностикалау мақсатында ДДО Е.А. Климова әдістемесі  жүргізілді. Нәтижесі бойынша әр оқушыға кеңестер берілді. 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен әлімжеттік және  бобсалаудың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдердің арасындағы әлімжеттік жасау, бобсалау» сауалнамасы өткізілді. Сауалнама  қорытындысы  бойынша  мектепте жоғары сынып  оқушыларынан әлімжеттік  көрсету, бобсалау  болмайтындығын  анықтадық.Түзету дамыту  бағыты  бойынша  ата-аналар мен  оқушыларға  бала мен  ата-ана  арасында  жағымды  көңіл-күй  қалыптастыру мақсатында «Менің көңіл-күйім» тренингі, 9, 11 сыныптарына  оқушылардың бойында  сенімділік  қалыптастыру мақсатында «Менің  өмірлік жолым»  тренингі  өткізілді. Ағартушылық-кеңес  бойынша  9,11 сыныптарға  эмоция  басқару  жолдарына байланысты эмоциялық жағдайларын  қалыпқа  келтіру үшін «Эмоцияны қалай басқаруға  болады» шағын дәріс  жүргізілді. Психологиялық профилактика бағыты бойынша  7-9 сынып оқушыларына оқушылардың  діни  экстремизм туралы  көзқарасын анықтау мақсатында «Дін менің өмірімде» сауалнамасы өткізілді. Ата-аналарға жыныстық тәрбие туралы балаларына сауатты  түсінік  жұмысын  көрсетуге  көмек беру  мақсатында  «Түрлі  жас  кезеңіндегі  жыныстық  психология» дәріс  оқылып, кеңестер  берілді. R тобының  оқушыларына  бойында  сенімділікті нығайтуға  байланысты  әңгімелесу жүргізілді. Ағартушылық-кеңес  жұмыс бағыты  бойынша 11 сыныптың оқушыларына  өздерінің  мінез-құлықын, көңіл-күйін  басқаруға  дағдыландыру  мақсатында «емтиханға қалай дайындалу керек» тақырыбында жадынама беріліп, кеңестер берілді. Диагностикалық бағыты бойынша 6 - сынып оқушыларына профильдік оқыту бағытында «Қызығушылы картасы» А.И.Савенков әдістемесі жүргізілді. Психологиялық  профилактика бағыты бойынша R тобының оқушыларына өмірде мақсат қою, оған жету  мақсатында  «Өмірдегі менің мақсаттарым», «Менің қызығушылығым және  ұнайтын  іс» тақырыбында әңгімелесу  жүргізіліп, психологиялық  кеңестер  берілді,  ұсыныстар  айтылды.

Түзету–дамыту бағыты  бойынша жұмыс  жоспарға сәйкес  9, 11 сынып  оқушыларына «Менің мамандығым менің болашағым» тренинг жүргізілді. Өз бойларында сенімділікті қалыптастыру мақсатында мазасыздану деңгейлерін қалыпқа келтіру  жаттығулары жүргізілді. ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндіктерін  іске асыру туралы кеңестер  берілді.

Әр тұлғаның ішкі жан дүниесін тыңдай отырып, психологиялық көмек беру мақсатында,  кеңес беру жұмыстары оқушылармен топтық және жеке  барлығы – 53, ата аналар үшін – 18, педагогтер үшін-әңгімелесулер мен кеңес жұмыстары жасалынды.

Оқу жылының басында сынып жетекшілермен тығыз байланыста жұмыстанып сыныптың әлеуметтік паспортын жинақтап, мектептің әлеуметтік паспорты жасақталды. Берілген құжаттар бойынша мектептегі аз қамтылған, толық отбасы, қамқоршы қарамағындағы, толық емес отбасы, оның ішінде анасының тәрбиесіндегі, әкесінің тәрбиесіндегі оқушылардың тізімі  жасақталды, сонымен қатар пәтер жалдап тұратын отбасы саны және тізімі жасалды. Мектептің әлеуметтік жағдайы жыл сайын өзгеріп тұрады. Мектептің әлеуметтік жағдайының мониторингісі төменде көрсетілген.

Мектеп бойынша бірінші жарты жылдықта әлеуметтік санаттағы оқушылар саны 11, оның ішінде қамқоршы қарамағында 1 оқушы, аз қамтылған отбасынан 10 оқушы болса, екінші жарты жылдықта атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан 10 оқушы, қамқоршы қарамағында 3 оқушы болды..

Мектепішілік бақылауда осы оқу жылында 1 оқушы тіркелген, 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда биылғы оқу жылында мектепішілік бақылудағы бала саны 1 оқушыға кеміп отыр.  Сонымен қатар, оқу-тәрбие ісіне қиындық келтіретін оқушыларда бар. Жыл басында олардың тізімі жасақталып, жыл бойы оқушылармен тәрбиелік іс-шаралар, жеке кеңес беру жұмыстары, әңгіме ұйымдастырылып, жасөспірімдер картасы жасақталып жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар оқушылармен әрі қарай жұмыстану барысында жазғы демалысты тиімді пайдалану мақсатында  алдағы жазғы демалыс кезінде лагерлер мен демалу орталықтарына жолдама беру жоспарланды. Мектептің әлеуметтік паспорты жасақталған соң жұмыс үш бағытта басталады, ол оқушыларға әлеуметтік, материалдық көмек көрсету, оқушыларға құқықтық көмек көрсету және физиологиялық көмек көрсету. Әлеуметтік санаттағы оқушылар және әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылар анықталып, әлеуметтік санаттағы аз қамтылған отбасынан 10 оқушы, қамқорлықтағы 1 оқушы «Жалпыға бірдей білім беру қорынан» бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.  Әлеуметтік көмекке зәру деген отбасылар жыл бойы «Жалпыға бірдей білім беру қорынан», демеушілік атынан және өңірімізде құрылған волонтерлар тобынан қажетті көмектерді алып отыр. Бірнеше отбасы заттай көмектер алды. Демеушілік көрсеткендер: «Сбербанк» АҚ, орталық мешіт, Жеке кәсіпкерлер «Носова И», «Шуақты Орал» еріктілер тобы, 5,6  сынып ата-аналары /ақшалай/.

Оқу жылы басында сынып жетекшілер арқылы сыныптағы «Тәуекел тобының» оқушылары анықталып, психологпен және сынып жетекшілермен біріккен түрде жоспар құрылды. Тізімі  жасақталып, жасөспірімнің бақылау картасы жасақталды, тұрмыстық жағдайы анықталды. Сонымен қатар оқушының бос уақытын ұйымдастыру бағытында үйірмелерге қатыстыруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Санаттағы 11 оқушының 11і де сабақтан тыс үйірмелерге қатысады, 100%-ды көрсетіп отыр. Оның ішінде мектепішілік үйірмеге 6 оқушы қатысады. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 9%-ға өсіп отыр. Оқушылар қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып орындар алуда. Мектепішілік деңгейде мектеп инспекторымен қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын-алуға байланысты кездесулер ұйымдастырылды, тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, оқушыларға кеңестер берілді.Бұл бағытта наркологиялық ұйымымен және «Салауатты өмір салты» орталығымен бірлесіп жұмыстандым. Жоспар бойынша наркологиялық бекет ұйымының төрайымы, мүшелері, ерктілер тобы тағайындалып, мектепішілік бұйрық шығарылды. Жоспар бойынша «Салауатты өмір- Жарқын болашақ!», «Денсаулық күні», «Біз салауатты өмірді таңдаймыз!», «Зиянды әдеттердің адам ағзасына зияны», «Ессіз құмарлық денсаулықтың жауы» атты іс-шаралар ұйымдастырылды, сонымен қатар «Дені саудың жаны сау», «Мен өмірді таңдаймын!», «Салауатты тамақтану» атты тәрбие сағаттары мен салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтін шаралар өткізілді. Жыл бойы жұмыс барысында туындаған проблемалар және оларды шешу жолдары:

  1. Жеке тұлғаның және оның жанұя жағдайын зерттеу кезінде, олардың қиыншылықтарын, қажеттіліктерін анықтау кезінде проблемалар туындады. Отбасының мектеппен қарым-қатынасқа түсуде жағдаяттар орын алды.
  2. Ата-аналар арасында моральдық тұрғыдан психологиялық стресске түскендер болды. Ол баланың сабаққа қатынасуына, білім алуына әсер етті.
  3. Отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған оқушымен жұмыстану барысында қиындықтар кездесті.

Туындаған мәселелерді шешу үшін, яғни отбасының әлеуметтік жағдайына ықпал ету үшін белгілі бір әдістерді, құралдарды пайдаландық. Ол үшін демеушілер, меценаттар, еріктілер тобын іздедік. Бірнеше жеке мекемелермен байланыста болдық. «Мектепке жол», «Қамқорлық» т.б акциялар ұйымдастырылды. Елімізде орын алған төтенше жағдай аяқталған соң, арнайы орталықтармен бірігіп жұмыс жасалды. Көмек көрсеткендер: «Шуақты Орал» еріктілер тобы, «Ізгілік сәулесі» еріктілер клубы жетекшісі Дүйсенгалиева Ш,  қалалық мешіт, жеке кәсіпкер Гусманова К.С . Әлеуметтік желілер арқылы,  мектеп директоры атынан алғыс хат арқылы  көрсетілген қызметтерге алғыс жарияланды. Сонымен қарат, проблемаларды шешу жолында мектеп психологымен бірлесіп оқушыларға, ата-аналарға, педагогикалық ұжым әлеуметтік-психологиялық қызмет жүргіздік (әңгімелесу, кеңес беру, сауалнама, ІІБ қызметкерлерін тарту, т.б).  Екінші жарты жылдықта бір отбасынан екі бала жетім боп қалуына байланысты, балалардың үйден оқуы кезінде отбасына мектептен техникалық құралдар берілді және материалдық тұрғыдан көмектер берілді. Әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетілді. Отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшыраған оқушымен (R тобындағы) жыл бойы жұмыс жасалды. Оқушы мен  анасына  психологиялық қолдау бағытында сөйлесіп, пікірлесіп отырдым.  Отбасы мектепішілік және қала деңгейінде іс-шараларға тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары оқу жылы басында бекітілді. Оқушыларға, мұғалімдерге жыл бойы осы тақырыптарға тәрбие сағаттары өткізілді. Қазан айында сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Жаднамалар таратылды.  Мектепте  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы  белсенді 15 оқушыдан құрылды .2019-2020 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарланып бекітілді. «Адал ұрпақ» клубының мақсаты: мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;  рухани, адамгершілік, азаматтық, патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларды жүргізу; азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы, сыбайлас-жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері; өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған сыныптан тыс құқықтық тәрбие беру болып табылады. «Адал ұрпақ» клубы келесі бағыттардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім (дәрістер, дөңгелек үстелдер, іс-шаралар ұйымдастыру),сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат (үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқауы,шығармашылық мәдени іс-шаралар (түрлі флешмобтарға қатысу, мемлекеттік органдардағы адамдармен кездесу, т.б. маңызды іс-шараларды ұйымдастыру). «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен  үнемі жаңартылып отыратын мектепішілік «Парасатты азамат» қабырға бұрышы жасалынды. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар өткізілді: 5-7  сыныптар арасында ұйымдастырылған Мәңгілік ел – мұраты  тақырыбындағы сынып сағатында азаматтылық, отансүйгіштік, адамның құқықтары, оқушының ел алдындағы міндеті, еңбекке, өмірге деген жақсы көзқарас қалыптастыру мақсаты көзделді.

8-10  сынып оқушылары арасында  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» танымдық сағаты оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы ақпарат беріп, бейне материал көрсетті.

«Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқауы, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»  суреттер байқауы т.б іс-шаралар өткізілді.

1- 11 сыныптар арасында  ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында біріңғай сағаты өткізілді.

Кітапханалық қызмет. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп кітапханасында оқушылармен түрлі шаралар өткізілді. Шаралардың негізгі мақсаты оқушыларды кітап оқуға ынтасын арттыру.  Ең алдымен оқырмандарға  «Оқуға құштар мектеп» жобасы түсіндіріліп, осы жоба аясында жаңадан келіп түскен кітаптарды таныстыру бағытында  «Жаңа кітаптар жаңалығы атты библиофлэш өткізіліді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Классиканы оқып, жаратылыстануды тану» бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқу акциясы ұйымдастырылды.

Мектептің кезекші сыныптары үзіліс кезінде бір мезетте ертегілерді оқып, өз түсініктерін айтып, бір сынып өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерін қағаз беттеріне суреттесе, енді біреуі ермексаздан  мүсін жасады. Сонымен қатар бұл кітаптарды сыныпта оқып қана қоймай, үйлеріне алып оқып, ертегілердің маңызын зерттеп, қиялдады. Ертегілер арқылы қажетті дағдылар күнделікті өмірде қолдана білетіні айтылды. Шара мақсаты оқушылардың  ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіру, сол арқылы оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша оқу марафоны желтоқсан-тамыз айларында апта сайын сейсенбі-жұма күндері өткізіліп тұрады.Білімнің  кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізге ала отырып түрлі шаралар өткізіліп келеді. Соның бірі 7в сыныбына «Бір сынып бір кітап» атты кітап оқу акциясы аясында библиофлэш өткізілді. Шара оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырылуымен бастау алды. Әрі қарай оқушылар белгілі бір кітапты таңдап, оны оқи отырып, келесі сыныпқа жарнамалап челлендж өткізетін болады. Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7в сыныбына «Бір сынып  бір кітап» атты кітап оқу акция аясында әдеби кеш өткізілді. Шара оқырмандарды жаңа кітаптардың таныстырылуымен бастау алды.  Әрі қарай оқырмандар белгілі бір кітапты таңдап, оны оқи отырып, 7а,7б сыныптарға жарнамалап  челлендж өткізді. Жалпы шара мақсаты білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру,  оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту болып табылады.Сонымен бірге «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-9 сыныптар арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру,  рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қоз¬ғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.

Сонымен бірге оқушылардың оқу сауаттылғын көтеру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы барысымен 10  сынып оқушылары арасында кітап оқуды насихаттау үшін, рухани даму дағдысын қалыптастыру мақсатында  ұйымдастырылған REDх жобасы өтті. Қатысушыларымыз жастарына сай шығармаларды оқып, қалың көпшілікке өз оқыған кітаптарымен бөлісті. Оқыған кітаптарын қызықтыра отырып жарнамалады. Тыңдаушыларға «Оқимын!» және  «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, спикерге кері байланыс берді.  Мұндай жоба әсіресе желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты бос өткізбей, кітап оқуға шақырады.

Мектебімізде наурыз айында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында «Әжемнің ертегілері»  ашық есік күні мен оқу марафоны өткізілді.Марафон барысында әжелері немересі үшін мектепке келіп, жаңа кітаптармен танысып, немерелерімен бірге кітап оқып талқылады.Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Анашым кітап оқып берші» акциясы

Мектебімізде «Отбасылық оқуды дамыту және балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары» атты оқу акциясы өтті. Шараның мақсаты балалармен жасөспірімдердің кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау.

Шара барысында ата-аналармен оқушылар үйде отырып бірге кітап оқудың түрлі жолдарын көрсетті.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Әкеммен бірге оқимын» акциясы

Сонымен қатар «оқуға құштар мектеп» жобасы барысында «Әдеби Ақжайық» акциясы  аясында мектебімізде жергілікті ақындардың шығармаларын насихаттау бағынтында түрлі шаралар  ұйымдастырылды. Соның бірі 5аб сыныптарына Қадыр Мырза Әлінің өмірімен  шығармашылығын кеңінен таныстырылып, өлеңдері жатқа айтты.

Ал 6аб сыныптары Тайыр Жаровковтың  өмірін кеңінен танып, шығармашылығын бір сынып болып оқыды.

11 Сәуір күні 47 ЖОББМ «Бастау» қауымдастығы ұйымдастырған «Әдеби Ақжайық» жоасы аясында Тайыр Жароковтың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

«Оқуға құштар мектеп» жобасының «Барлық пәндер арқылы оқыту» бағыты бойынша «Классиканы оқып жаратылыстануды танимыз» атты  3а,б сынып оқушылармыен кітап оқу акциясы  өтті.

«Әдеби Ақжайық» жобасы аясында «Зерделі жырдың зергері» атты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әліге арналған поэзия кеші өтті.шараға 5а,5б сынып оқушылары және олардың ата-аналыры мен ұстаздары қатысты.шара барысында жерлес ақиық ақынымыз Қадыр Мырза Әлінің өмірімен шығармашылық жолына тоқталып, «Туған жер алтын бесік», «бәріде ана бір өзіңнен басталды», «Ауылым», «Шындық», өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыды. Ақынға арналған «Жерлес ақын жырлайды» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш соңы ақын сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен аяқталды.

Биылғы «Бір ел бір кітап» акциясы аясында таңдалған қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, ғалым, ағартушы педагог, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазына тағзым» атты әдеби сағат өтті. Іс шара мектебіміздің 7 сынып оқушылары арасында өтті.Шара барысында кітапханашы Ахмет Байтұрсынұлының  өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырылып, оқушыларға А.Байтұрсынұылының нақыл сөздерін оқып оның мағынасы түсіндірілді. Сонымен қатар оқырмандарға «Қазақтың рухани көсемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Жалпы шараның негізгі мақсаты ақын өмірін үлгі ете отырып, жастардың бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отнсүйгіштік қасиеттерін дарыту болып табылады.

Оқушыларды қосымша білім берумен қамту бойынша оқушылар ақылы және ақысыз үйірмелерге қатысады.     Оқушылардың демалыс (лагерь) уақыттарын сауықтыру шаралары оқушылардың бос уақытын қызықты өткізу үшін лагерь түрлерін ұйымдастырылды.

Мектеп жанынан «Алау » демалыс лагері ашылды. Сонымеен қатар оқушылар «Мирас» және «Қайсар» шатырлы лагері мен «Атамекен» туризм орталығында ашылған лагерге барады. Каникул уақытында оқушылар мұражайға экскурсия жасап, мұз айдынында ойын ойнауға барды.Жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді пайдалану көзделді.

Алдағы оқу жылына қойылытын негізгі міндеттер және ұсыныстар ұсынылады:

-Орта буынға өткен оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуын бағдарлай білу.

-Оқушылардың оқуға, танымдық дамуға, қарым-қатынастың дамуына қолдау жасау;

-Бейімделу кезінде сәтсіздіктерді қорытындылап отыру, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

-Оқу пәндеріне қызығушылықтарын  арттыру, дамыту, қолдау жұмыстарын жүргізу.

- 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау, өз-өзіне деген сенімділіктерін нығайту мақсатында

тренингтер өткізу.

- Диагностика жұмысының қорытындысы бойынша үрейленушілік деңгейі жоғары және төмен көрсеткен оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізу.

Тәрбие жұмыс жоспарының орындалу деңгейін, оңды, теріс жақтарына  сараптама .

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие  Тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары бекітілді. Осы үлгіні басшылыққа отырып, мен өз жұмысыма қатысты тәрбие жұмыс жоспарын құрдым.  Орындалу деңгейі толықтай орындалды деп айта алмаймын. Себебі, оның оңды және теріс жақтары кездесті.

Кемшіліктерді түзету мақсатында қабылданған ұсыныстар:

-мектептің формасын қатаң сақтау

-сабаққа кешікпеу, үнемі кешігетін, сенбі күні келмейтін оқушылармен жұмыстану

-оқушылардың психологиялық  мінез-құлықтарын, агрессияларын анықтауға тест, тренинг, сауалнамалар жүргізу

-әлеуметтік тұрмыс жағдайларын анықтау

-оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, сыныптағы ата-аналар жиналыстарын өткізудің формаларын жандандыру, өз тарапымнан қатаң қадағалау

-әлеуметтік категориядағы оқушыларға қолдау көрсету.

-оқушылардың бос жүріске салынбау мақсатында келер оқу жылына үйірмелермен көбірек қамту.

-клуб жұмыстарын жандандыру

- Ұлдар,  қыздар  ұйымдарының  жетістіктерін көбейту, әкелер және аналармен жұмыс түрлерін жандандыру

-әлеуметтік жобалар жұмыстарын жандандыру

-іс –тәжірибе жұмыстарын таратуды жүйелеу

Жаңа  2022-2023  оқу жылына қойылатын мақсат, міндеттер мен күтілетін нәтижелер.

Мақсаты: оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, Мәңгілік елдің ұлтжанды , елін қадірдей білетін ұрпақ тәрбиелеуге ата-ана қоғамының қауымдастығын қатыстыру.

Міндеттері:

1.Мемлекеттік  рәміздер  тарихын  терең  білу,  оған  сый  құрметпен  қарау.

2.Отанға, елге  сүйіспеншілігі мен патриоттық  сезімін  арттыру.

3.Сынып жетекшілер бірлестінің жұмысын арттыру, сынып жетекшілердің жұмысын қадағалау

  1. Өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру тәрбиесіне және кәсіби-шығармашылық тәрбиесінің жұмыстарын жандандыру.
  2. Мәңгілік елдің патриот, ұлтжанды ұрпақтарын тәрбиелеу, ұтымды тәрбие бағыттарымен жұмыстану
  3. Үйірме жұмыстарын қадағалау, нәтижелеріне көңіл бөлу
  4. Ата- аналарды тарту арқылы мектептегі қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру;
  5. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыстарын жандандыру;

Күтілетін нәтиже:

-өз елін сүйеді, мақтан тұтады, құрметтейді

- ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрді  біледі, есіне сақтайды, ұмытпайды, өзінің тілін, дінін, қазақ екенін естен шығармай, намыстанады

-өзінің болашақта қоғамға қажетті тұлға екенін сезінеді.

-үлкенді сыйлайды, құрметтейді, мектебі мен елінің абыройына нұқсан келтірмейді