«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Қашықтықтан оқыту

Мектебімізде «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту» тақырыбында ата- аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы мәліметтер берілді. Оқу форматтары, қашықтықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру интернет платформалары таныстырылды.

 

 


Мектебіміздегі 1-4 сыныптар оқушылары ата-аналарының өтінішімен кезекші сыныптарға қабылданып, оқу кабинеттерінде оқиды. Кезекші сыныптар жұмысын ұйымдастыру санитарлық талаптарға сай жасалған. Оқу кабинеттерінде баланың оқуына барлық жағдайлар жасалды.Кезекші топтардағы оқушылар саны 15 баладан артық емес, оқушы парталары 1 метр арақашықтықта орналастырылды. Мектептің кіреберісінде аяқкиімге арналған  дезинфекциялау кілемшелері орнатылып, барлық қабаттарда және оқу кабинеттерінде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылып, қолды жуу құралдарымен қамтамасыз етілді.Әрбір ұзақ оқу қоңырауынан кейін оқу кабинеттерін желдету, кварцтеу, қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану жұмыстары жүргізіледі. Күн сайын  температураны өлшеуге, сыныптағы оқушылардың жағдайын бақылауға  арналған медициналық кабинет жұмыс жасайды.