«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Оқу-тәрбие процесінде психологиялық-медициналық сүйемелдеуді ұйымдастыру

1.Психологиялық алдын алу

Психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес психологиялық жұмыстар  жүргізілді. Диагностикалық бағыты бойынша оқушылардың психологиялық жеке картасын дайындаудан басталды. 1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында психодиагностикалық жұмыс бағыты бойынша «Керн-Йерасик» тесті алынып, нәтижесі шығарылып қорытынды жасалынды. 2-4 сынып бойынша оқушылардың таным процесстерін диагностикалау мақсатында тест алынып,оқушылардың есте сақтау, зейін, қабылдау, ойлау, қиял деңгейлері тексеріліп, бланктер толтырылды 5 сынып оқушыларын мектепке бейімделу жағдайын анықтау үшін зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың бейімделу деңгейі туралы  сынып жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, сынып жетекшілерге, жеке ата-аналарға ұсыныстар берілді. 11 сынып оқушыларының емтиханға  дайындық деңгейлерін анықтау үшін «емтиханға дайындыққа өзін-өзі ұйымдастыру» сауалнамасы өткізілді. Нәтижесінде оқушыларға  емтиханға дайындықтарын күшейтуге, сынып жетекшіге оқушылардың дайындықтарын бақылауға, ата-аналарға балалардың  емтиханға дайындықтарын үйден қадағалап, қолдау  білдіруге ұсыныстар  берілді.

Ағартушылық-кеңес жұмысы бойынша бейімделу кезінде қолдау көрсету мақсатында ата-аналарға баланың психологиялық  ерекшелігіне, мектепке бейімделуіне, қарым-қатынасты нығайтуға байланысты баяндамалар оқылып, сауалнама, түрлі  тренингтер өткізілді. Сонымен  қатар  жас  мамандардың бейімделуіне  психологиялық  қолдау  көрсету мақсатында «Жас маман, алға бас қадам!» тренинг жүргізілді. Жас мамандарға арналған жадынама берілді.

Түзету және дамыту бағыты  бойынша қалалық ПМПК шешімімен ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  оқушылар, «R» тобындағы оқушылар есепке алынып, жеке психологиялық карталары жасақталып түзету және дамыту жұмыстары жүргізілді. Психологиялық-диагностикалық бағыты бойынша оқушылардың  бойындағы  қобалжу деңгейлерін  анықтау  мақсатында 1 сыныптарға «Көңілді, көңілсіз»  әдістемесі, 4-7 сыныптарға «Филипс  бойынша Қобалжу» әдістемесі, 9-11 сыныптарға «Кондаш  бойынша Қобалжу»  әдістемелері  өткізіліп, нәтижесінде нәтижесінде  қобалжу  деңгейлері  өте  жоғары және  жоғары  оқушылармен  сынып  жетекшілеріне  ескертіліп, жұмыстар  атқарылды.

5-10 сынып  оқушыларына «Ағаш» Д.Лампен бейімделген Л.П.Пономаренко, әдістемелері жүргізілді.8-11 сынып оқушыларына суицидке бағытталғын зерттеу СБА сауалнамасы жүргізілді. 5 сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға бейімделу кезеңінің жағдайын зерттеу жүргізілді. Сонымен  қатар сыныптағы  қарым-қатынасты анықтауға «Социометрия» әдістемелері жүргізілді. Бұл әдістемелер оқушылардың жеке даму  деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын, оқушылардың мектеп өміріне бейімделу процесін анықтау мақсатында жүргізілді. Бейімделу үстіндегі оқушыларға жүргізілген әрбір әдістемені талдап, анықталған нәтиже бойынша ұсыныс беріліп, ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы жүргізілген психологиялық зерттеу нәтижесімен сынып жетекшілер мен ата-аналарға таныстырылып, ұсыныстар берілді.5-10 сынып  оқушыларына зиянды  әдеттерге  бейімділігін  анықтау  мақсатында сауалнамалар жүргізілді.

Психологиялық  профилактика бағыты бойынша 5 сыныптарға  бейімделу  кезінде  қолдау  көрсету  үшін «Сенімділік  күш береді» тренингі, 11 сынып оқушыларына емтиханға  дайындыққа қолдау көрсету мақсатында қобалжуды  қалыпқа келтіру  жаттығулары, құқықбұзушылықтың  алдын  алуға  байланысты профилактикалық  жұмыстар  жүргізілді.  Ағартушылық-кеңес жұмыс бойынша «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Әке тұрып ұл сөйлегенен без» тақырыбында сынып жетекшілермен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысуымен қыздар, ұлдар отырысы өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.Түзету-дамыту  жұмысы  бойынша R тобындағы  оқушыларымен өмірдегі  көзқарастарын  анықтау, оларға  қолдау  көрсету мақсатында  «Менің  өмірлік  жолым» тақырыбында  әңгімелесу  жүргізіліп, 11 сынып  оқушыларына  емтиханға  дайындыққа  қолдау  білдіру  мақсатында  дәрістер  оқылды.

Диагностикалық бағыт бойынша 5 сынып оқушыларына оқуға, мектепке қызығушылық деңгейлерін анықтау мақсатында «Оқу мотивациялары» зерттеліп, нәтижесінде оқу мотивациясы төмен оқушыларға психологиялық кеңес  жұмыстары  жүргізілді. Мектеп  педагогтарына  бойындағы  агрессия  деңгейлерін анықтауға  байланысты зерттеу жүргізіліп, жеке  кеңестер берілді.

Түзету-дамыту  жұмысы  бойынша Инклюзивті оқыту бойынша оқытылатын оқушылармен психологиялық түзету және дамыту жұмыстары бойынша жоспар құрылып жұмыстар жүргізілді. Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік таным қабілеттерінің даму деңгейін, соның ішінде ой-өрісін дамытатын психологиялық жаттығулар мен ойындар түрі, есте сақтауға байланысты суреттік тапсырмалар, арттерапия жаттығулары жүргізілді.

Ағартушылық-кеңес  бойынша  сынып жиналыстарында «Мектеп  жасындағы балаларды зорлық – зомбылықтан жыныстық қолсұғушылықтан қорғау және алдын – алу», «Мектептегі Кибербуллинг және буллинг» атты  баяндамалар  оқылды.

Диагностикалық бағыты бойынша жоспарға сәйкес 5 сынып оқушыларының бойындағы агрессивтілік деңгейлерін анықтауға  «Агрессия белгілері» 6 – 11 сынып оқушыларына «Агрессивтілік» Айзенк 10 сұрақ сауалнамасы, өзін-өзі бағалау деңгейлерін анықтау мақсатында диагностикалар жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде агрессия белгілері басым, өз-өзі бағалауы төмен оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіле отырып, ата-аналары мен сынып жетекшілеріне ұсыныстар берілді.

Педагогтерге оқушылармен  дұрыс  қарым-қатынас  қалыптастыруға  қолдау  көрсету  мақсатында  тренинг-сабақ  өткізілді. 9,11 сынып оқушыларымен “Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда!” атты психологиялық тренинг-сабақ жүргізілді. Оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін-өзі көрсете алу дағдыларын қалыптастыру. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру. Мамандық таңдауда дұрыс жолға бағыттау.

Ағартушылық-кеңес  бойынша  9-11 сынып  оқушыларына  оқу  процесіндегі  материалдары  есте  сақтауды  жақсарту  үшін  ақыл-кеңестер  берілді.

Психологиялық  профилактика бағыты бойынша  5-11  сыныптарда барлығы 43 сабаққа қатыстым. Оқушылардың мұғалімдермен қарым –қатынасы, сабақтағы тәртіптері , сабаққа қатысу белсенділігі жақсы деңгейде қалыптасқан.     

Диагностикалық бағыты 9 -11 сынып оқшыларына ойлаудың тип ерекшелігін анықтауға «Ойлау типі» әдістемесі  жүргізілді. 10 – 11 сынып оқушыларына кәсіби бағыттылығын диагностикалау «Қызығушылық картасы» А.Е.Галамшток әдістемесі жүргізілді. 9 - сыныптарға «Темперамент және мамандық» әдістемесі жүргізілді.

9 сынып оқушыларына қобалжу деңгейін анықтау қорытындысы бойынша жеке, топтық кеңес беру, көмектесу мақсатында «сенімділік күш береді» тренингі, 11 сынып оқушыларына ҰБТ-ке дайындық кезеңін ұйымдастыру эмоциясын бақылау  мақсатында «Эмоция және мінез-құлық» тренингтері  өткізіліп, оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйланды. Р тобы  оқушыларымен «Агрессивті әрекеттің  алдын-алуға»  байланысты  жеке кеңестер  берілді.

Психологиялық профилактика бағыты бойынша 8 сынып оқушыларына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  «нашақорлық және құқық бұзушылық» тренингі өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын-алуға байланысты «Әркім өз алдындағы  жауапкершілікті сезінейік» тренингі жүргізілді. Тренингке  барлық оқушылар қызығушылықпен  қатысты.

11 сынып оқушыларымен “Біз стресске бой бермейміз” тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Оқушыларға стресстің пайда болуы себептерін, алдын алу жолдарын, ағзаға тигізетін әсерін айту.

6 – сынып оқушыларына арналған «Мен ерекше қайталанбайтын тұлға» тақырыбында тренинг жүргізілді. Диагностикалық бағыты бойынша 8 сынып оқушыларына кәсіби бағытталған диагностикалау мақсатында ДДО Е.А. Климова әдістемесі  жүргізілді. Нәтижесі бойынша әр оқушыға кеңестер берілді. 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен әлімжеттік және  бобсалаудың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдердің арасындағы әлімжеттік жасау, бобсалау» сауалнамасы өткізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша мектепте жоғары сынып оқушыларынан әлімжеттік көрсету, бобсалау болмайтындығын  анықтадық. Түзету дамыту бағыты бойынша ата-аналар мен оқушыларға бала мен ата-ана арасында жағымды көңіл-күй  қалыптастыру мақсатында «Менің көңіл-күйім» тренингі, 9, 11 сыныптарына оқушылардың бойында  сенімділік  қалыптастыру мақсатында «Менің өмірлік жолым» тренингі өткізілді. Ағартушылық-кеңесбойынша 9, 11 сыныптарға эмоция басқару  жолдарына  байланысты  эмоциялық жағдайларын  қалыпқа  келтіру үшін «Эмоцияны қалай басқаруға болады» шағын дәріс  жүргізілді. Психологиялық  профилактика бағыты бойынша  7-9 сынып оқушыларына оқушылардың  діни  экстремизм туралы  көзқарасын анықтау мақсатында «Дін менің өмірімде» сауалнамасы өткізілді. Ата-аналарға жыныстық тәрбие туралы балаларына сауатты түсінік жұмысын көрсетуге көмек  беру  мақсатында  «Түрлі  жас  кезеңіндегі  жыныстық  психология» дәріс оқылып, кеңестер берілді. R тобының  оқушыларына бойында сенімділікті нығайтуға байланысты әңгімелесу жүргізілді. Ағартушылық-кеңес жұмыс бағыты бойынша 11 сыныптың оқушыларына өздерінің мінез-құлықын, көңіл-күйін басқаруға дағдыландыру  мақсатында «емтиханға қалай дайындалу керек» тақырыбында жадынама беріліп, кеңестер берілді. Диагностикалық бағыты  бойынша 6 - сынып оқушыларына профильдік оқыту бағытында «Қызығушылық картасы» А.И.Савенков әдістемесі жүргізілді. Психологиялық профилактика бағыты бойынша R тобының оқушыларына өмірде мақсат қою, оған жету мақсатында «Өмірдегі менің мақсаттарым», «Менің қызығушылығым және ұнайтын іс» тақырыбында әңгімелесу жүргізіліп, психологиялық кеңестер  берілді, ұсыныстар айтылды.

Түзету–дамыту бағыты бойынша жұмыс жоспарға сәйкес  9, 11 сынып оқушыларына «Менің мамандығым менің болашағым» тренинг жүргізілді. Өз бойларында сенімділікті қалыптастыру мақсатында мазасыздану деңгейлерін қалыпқа келтіру  жаттығулары жүргізілді. ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндіктерін  іске асыру туралы кеңестер  берілді.

Әр тұлғаның ішкі жан дүниесін тыңдай отырып, психологиялық көмек беру мақсатында, кеңес беру жұмыстары оқушылармен топтық және жеке  барлығы – 53, ата аналар үшін – 18, педагогтер үшін-әңгімелесулер мен кеңес жұмыстары жасалынды.