«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

2019 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп түлектеріне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Орал қаласының әкімі М.Р.Мукаев, Орал қалалық маслихатының депутаты А.У.Салиева, қалалық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Б.Ш.Пайдина және М.Б.Ықсанов атындағы қор жетекшісі А.Қ.Атаев қатысты. 


2018-2019 оқу жылының мектебіміз бойынша үздік болып танылған «Жыл мұғалімі» лентасымен физика пәні мұғалімі А.К.Купжасарова, «Жыл оқушысы» лентасымен 11Б сынып оқушысы С.Махамбетов марапатталып, сыйлықтар тапсырылды.   


М.Б.Ықсанов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, 11 сынып жетекшілері атынан сөз С.М.Кадрешоваға, мектеп түлектері атынан А.Кадырға,  ата-аналар атынан А.С.Каримоваға берілді.


Соңғы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы А.Киматов мен 1-сынып оқушысы Ж.Абдикаимоваға тапсырылды.


Соңғы қоңырау салтанатынан кейін мәжіліс залында 11 ші сыныптың  «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты қоштасу тәрбие сағатына жалғасты.