«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Қыз балалар аналары және әжелері қатысуымен сенбі күндері шеберлік сабақтар ұйымдастырылды

2018-2019 жылының жұмыс жоспарына сай 4-9 сынып оқушыларын қолөнерге баулу мақсатында қыз балалар аналары және әжелері қатысуымен сенбі күндері шеберлік сабақтар ұйымдастырылады. Қыз балалар тоқыма түрлерін тоқуға үйренеді. Сонымен қатар аналары қыз баланың тазалығы, қоғамдық ортада өзін- өзі ұстауы тақырыбында әңгімелеседі, ақыл- кеңестерін айтады.

2019 жылдың 26 ақпан күні «Қыз Жібек» қыздар клубының жоспарына сай 9 сынып қыз балаларының  қатысуымен «Жеке бас тазалағы» тақырыбында №1 поликлиника акушер- гинекологімен  сыныптан  тыс шара ұйымдастырылды. Шара барысында  аталған тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, қыз балалар гигиенасы туралы жан- жақты мәлімет берілді.