«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Қыз Жібек» қыздар клубымен I жарты жылдықта жүгізілген іс-шаралар

23 Мамыр 2017

 

 

Тақырыбы: «Отбасы-алтын қазынам» 
Мақсаты: Тәрбие негізі отбасынан басталатынын түсіндіру. Спорт жаттығуларының денсаулыққа  пайдасы бар екенін насихаттау. Ата-аналардың спорттық білімдерін балаларға дәріптеу. Осы жарыс арқылы балалардың бойындағы ерекшеліктерін ата-анасына білдіру.
Контингент: 6-7 сынып қыз оқушылары мен ата-аналары
Уақыты:29.10.2016ж       сағ:12.00-де

 

 


Тақырыбы: «Кел, сырласайық» 
Мақсаты: Қыз бала бойындағы ерекшеліктері мен физиологиялық жетілуді психологиялық қолдау.
Контингент: 6-8 сынып  қыз оқушылары
Уақыты: 24.11.2016ж   сағ:14.00
Жүру барысы: Жеткіншектер бойындағы кездесетін физиологиялық , психологиялық өзгерістерді  жасөспіріп қыздарға  арнайы маманмен кездесу өтті. СӨС орталығының арнайы маманы Е.Е.Бакешаева 6-8 сынып қыз оқушыларымен кездесті. Кездесу барысынды жасерекшелігіне қарай жеке гигиенасы мен қыз бала бойындағы өзгерістердің алдын алу жолдарын түсіндірді. Procter & gamble  фирмасының арнайы сыйлықтарын таратты.

 

 

Тақырыбы: «Көрікті ойдан-көркем сөз»  
Мақсаты: Ел тәуелсіздігінің 25 жыл қарсаңында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, отан мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, сөз өнерін қадірлеу, жазушының шығармаларымен таныстыру. Білім алушылардың прозаға деген  сүйіспеншілігін арттыру, прозаның құдіретін сезіндіру.
Контингент: 8-10 сынып қыз оқушылар
Уақыты:08.12.2016ж  сағ: 16.00
Кеш қонағы: Республикаға танымал жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,  Халықаралық  «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, Орал қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газеті редакциясының басшысы –Мира Хамзақызы Шүйіншәлиева.
Кеш барысында жазушының шығармашылығы  таныстырылды.Оқушыларымыз әр шығарма бойынша өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.