«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
2022 жылдың 1 қыркүйек күні мектептің барлық сыныптарында “Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” тақырыбында оқушыларға отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді дәріптеумен патриоттық тәрбие беру мақсатында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді

Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау. Міндеттері:

- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;

- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;

- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Сабақ барысында бейнефильмдер көрсетілді. Балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулері талқыланды.

11 сынып оқушыларының сынып сағаты мектеп  мұражайында ұйымдастырылды. Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілді.