«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Зиянды заттардың ағзаға әсері»

Мектебіміздің «Азамат» ұлдар клубының мүшелеріне №1емхана дәрігері Н.Б.Болатов «Зиянды заттардың ағзаға әсері» тақырыбында кезекті дәрісін өткізді. Жиналыс барысында оқушыларға қазіргі кезде жасөспірімдер арасында кең таралып кеткен электронды темекінің зияны туралы айтылды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ағзасына, соның ішінде жүйке жүйесіне аталған заттың әкелетін зардабы жөнінде толық ақпарат беріп өтті. Оқушылар өз кезегінде сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салды.