«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
“Әке-отбасының тірегі”

Бүгін мектебімізде онлайн режимде “Ұлағат” әкелер клубының жиналысы “Әке-отбасының тірегі” тақырыбында өткізілді.Жиналысқа қалалық 1 емхана  медицина қызметкері Н.Булатов, нарколог-дәрігер А.Мырзагалиев қатысып, жасөспірімдердің зиянды заттарды пайдалануының алдын-алу мақсатында электронды темекінің адам денсаулығына әсері жөнінде толық мәлімет берді. Жиналыс барысында жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты мәселелер қаралды. Әкелер клубы мүшелері де өз кезегінде қоғамдағы кәмелетке толмаған жасөспірімдер және оларға қатысты құқықбұзушылықтар жөнінде ойларын ортаға салды. Бала тәрбиесінде бірлескен жұмыстар атқару тиімді екендігін атап өтті.