«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
“Отбасы және мектеп: бір бағыттағы көзқарас”

Бүгін мектебімізде онлайн режимде “Отбасы және мектеп: бір бағыттағы көзқарас” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде:

  1. 2021-2022 оқу жылындағы қаржылық мәселелер.
  2. Мектептің ішкі тәртіп ережелері.
  3. “Құқықбұзушылық және заңдық жауапкершілік”.

 Жиналысқа Орал к.ПБ Абай Пб ЖПКб ЮПТб КТIЖ ага УПИ полиция майоры Суыкбаева Айнур Жанабаевна және мектеп әкімшілігі, 1-11 сыныптар ата-аналары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ата-аналарға мектеп ережесінің талаптарымен қатар,жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг және құқықбұзушылық жөнінде мәлімет берілді. Кәмелетке толмағнндардың зиянды заттарды қолдануының алдын-алу мақсатында электронды темекінің зияны туралы да толық ақпарат берілді.

Ата- аналарда  белсенділік танытып,өз ойларын білдірді.