«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
"Қыз болашағы - ел болашағы"

Мектепішілік «Қыз Жібек» қыздар клубының жұмыс жоспарына сай «Мейірім» аналар клубы мүшелерімен Zoom форматында "Қыз болашағы- ел болашағы" тақырыбында онлайн қыздармен аналар  жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп психологі К.Губашев және мектеп инспекторы М.Нуркаятова қатысты. Жиналыс барысында қыз баланың тәрбиесіндегі отбасының ролі және ортада өзін- өзі ұстауы, жасөсіпірім шақтағы ерекшеліктер, жеке бас гигиенасы туралы айтылды. Қазіргі таңда қоғамдағы жасөспірімдерге қатысты болып жатқан құқықбұзушылықтар  жөнінде мектеп инспекторы М.Нуркаятова айтып өтті. Қыз балалар мен аналарда  өз тарапынан белсенділік танытып, пікірлерін білдірді.