«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
"Желтоқсан куәгерлері"

Мектебімізде  16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай құрылған іс-шаралар жоспарына сай "Желтоқсан куәгерлері" тақырыбында онлайн режимде 7-10 сынып оқушыларына Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің директоры, қалалық маслихат депутаты Сертек Нұржан Орынғалиұлымен кездесу өтті. 7-10 сынып оқушыларынан 75 оқушы қатысты. Кездесу барысында еліміздің өркениет жолындағы ұлы жетістіктері жайында және қонағымыздың Желтоқсан оқиғасы куәгері ретінде мазмұнды әңгіме болды. Оқушылар да өз кезегінде Тәуелсіздік тақырыбында ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, белсенді болды. Кездесуге мектеп директорының тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары Г.Ташимова қатысты. Бейнефильмдер көрсетіліп, оқушылармен талдау жүргізілді.