«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
1 қыркүйек- жаңа оқу жылының басталу салтанаты

Құрметті оқушылар!

 

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

Биылғы оқу жылы сіздер үшін ерекше басталмақ.Қашықтықтан оқу мен оқытудың қыр-сырын терең үйретер сүйікті ұстаздарыңызбен,әрқашан қолдау көрсететін аяулы ата-аналарыңызбен, сыныптастарыңызбен бірге білім әлеміне маңызды қадам бастайсыздар. Бүгінгі күн мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде мәңгі қалады.

Адам баласы барлық арман-мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін!

 

Құрметті ұстаздар!

 

1 қыркүйек- жаңа оқу жылының басталу салтанаты-Білім күнімен құттықтаймын.

Ұлы Абай атамыз  «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» дегендей өз болмысындағы құрмет пен қасиет,білім мен біліктілік,адамгершілік пен сезімталдық құндылықтарын әрбір оқушыға сыйлап,оқушы мен қоғам алдындағы міндеттерін абыроймен атқарған  ұстазға қашан да шексіз қолдау мен сүйіспеншілік болады. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулетшісі.

 Сіздерге мықты денсаулық пен шыдамдылық, шығармашылық табыс, өмірлік  және кәсіби қуаныш тілеймін!

 

Құрметті ата-аналар!

 

Сіздерді 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтаймын!

Отбасынан тәлім мен тәрбие алған балаларыңыз өздерінің жүріп өткен жолдың жалғастырушысы болмақ.

Сондықтан да саналы ұрпақтың көздеген мұрат-мақсаттарға қол жеткізіп,армандарын жүзеге асыруына бірлесе ынтымақтастықта жұмыстанайық!Әрбір баланың келешегі кемел,болашағы нұрлы болсын!

 


Ізгі тілекпен: мектеп директоры Губашева Азима Зиннатовна