«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай

2019 жылдың 9-13 желтоқсан аралығында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай  жұмыс жоспарланды.

Мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік жылдарында...» кітап көрмесі қойылды. Оқушыларға сыныптарда ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Дәлізде 5-7 сынып оқушыларының шығармашылығынан  «Қазақстан  - тәуелсіздік  төрінде » шебер қолдар көрмесі ұйымдастырылды.  «Қазақстанның Тәуелсіздігі еліміздің басты бақыты», «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыптарында 1-7 сыныптарда тәрбие сағаттары, Тәуелсіздік күніне арналған тарих пәні мұғалімдері бірлестігімен бірге мерекелік шара жоспарланып, өткізілді.

8аб, 9аб, 10аб, 11аб сыныптарында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» ашық тәрбие  сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына қалалық маслихат депутаты Н.У.Сертеков, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Б.Нуршинов, қоғам қайраткері, еңбек ардагері «Д.Қонаев» қорының төрағасы қатысып, оқушыларға мереке туралы өз пікірлерін айтты. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері туралы әңгімеледі. Оқушылар өз кезегінде сұрақтар қойып, белсенділік танытты.

Кеш соңында оқушылардың шығармашылығынан мерекелік шара өтті.