«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Халқы ардақтаған азамат»

2019 жылдың 30 наурыз күні бетбақдаланы мәуелі баққа айналдырған, Сыр бойындағы ақ күрішке аттаныстың бастауында тұрған, Жайық жағалауының жүз жылғы жұтаң келбетін жаңғыртқан, халқына сіңірген еңбегі ел жадынан өшпейтін айтулы азамат Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың  93 жыл толуына орай «Халқы ардақтаған азамат» атты салтанатты жиын өткізіліп, М.Б.Ықсановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

 

Салтанатты жиынға «М.Б.Ықсанов» атындағы қордың төрағасы А.К.Атаев, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары А.Шерғалиев, мектебіміздің түлегі Круглоозерное кенті округі әкімі К.Нуршинов қатысты. Жиыннан кейін  мектебіміздің әр жылғы түлектерімен 9,11 сынып оқушылары арасында баскетболдан жолдастық кездесу өтті.