«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Мектеп аруы-2019»

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт- дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында 8-10 сынып арулары арасында «Мектеп аруы-2019» байқауы өткізілді.

 

Байқау барысында аруларымыз өз өнерлерін ортаға салып, білімдерімен сынға түсті. 8а сынып оқушысы Шайхменденова Айна «Мектеп аруы-2019» атағын иеленсе, әлеуметтік желі бойынша көп дауыс жинаған 8б сынып оқушысы Бисенбай Фариза «Инстаграмм аруы» атанды.