«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

2018 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде мектеп оқушылары үшін «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын оздырылды. Жиынға қалалық маслихат депутаты Алия Утемисовна, М.Ықсанов атындағы қор төрағасы Асқар Кабдолұлы қатысты.

Жыл үздіктері марапатталып, сыйлықтар тапсырылды. М.Ықсанов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, мектеп түлектері атынан оқу озаты, Алтын белгіге үміткер Әдемі Камидуллиева, сынып жетекшісі Бакытжамал Ғалымжанқызы, ата- аналар атынан Данагүл Болатқызы жүрекжарды тілектерін білдірді. Соңғы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы Марат Нұрғалиев пен 1 сынып оқушысы, оқу озаты Карина Фазыловаға тапсырылды.