«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру- ұлттық құндылықтарды дәріптеу негізі» тақырыбында ашық есік күні

М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ-де 

2018 жылдың 28 сәуір күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде ұйымдастырылған  «Рухани жаңғыру- ұлттық  құндылықтарды дәріптеу негізі» тақырыбында  ашық есік күні

 

М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ-де  2018 жылдың 28 сәуір күні Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде ұйымдастырылған  «Рухани жаңғыру- ұлттық  құндылықтарды дәріптеу негізі» тақырыбында  ашық есік күні ұйымдастырылды. Мектебімізде оздырылған іс- шараларға мектеп ұжымы,қонақтар, ата- аналар, оқушылар қатысты. Мерекелік шараны дәстүрлі ән бойынша республикалық , облыстық сайыстардың жеңімпазы 8в сынып оқушысы Палат Жасмина «Бастау» әнімен бастады.Әрі қарай жоспар бойынша«М.Б.Ықсанов» атындағы оқу- көрме залы,кітапханада Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы таныстырылды. Мектепте НЗМ іс- тәжірибесінен енгізілген «Ата- ана жұмысындағы 10 күн» жобасы негізінде 9-11 сыныптарда ата- аналармен бірге «Біз таңдайтын мамандық», «Жаңыңда жүр жақсы адам» жобасында республика көлемінде танымал ақын Қатимолла Бердіғалиевпен және «Жайықтың жыр жауһарлары» аттты шараға бүкілодақтық   көркемөнерпаздар фестивальдерінің лауреаты, «Жігер» жастар фестивалінің дипломанты Әділбек Нәсекенұлы Сүлейменов кеш қонағы ретінде  шақырылып, әсерлі кездесулер өткізді.                      

Мектеп алаңында «Эверест» клуб мүшелері 5-7 сынып оқушыларына туристік кедергілер сайысын, әскери патриоттық клуб мүшелері 10аб сынып оқушылары және мұғалімдермен бірге эстафета, 8-9 сынып оқушыларына баскетбол сайысы ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталды.

Бастауыш сыныптарда 1аб- сынып оқушылары «Драма» үйірме жұмысы бойынша «Жеті лақ» ертегісі, 3абв- сынып оқушылары және ата-аналарымен кеңес сабағы,2аб -сынып оқушыларының қатысуымен «Бірегей кешен: тарихи қалалар» тақырыбында көшбасшылар сабағы өткізілді.

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» бөлімінде әкелер клубы мүшелері қатысуымен ер балалар қамшы өру, аналар клубы мүшелері қатысуымен қыз балалар «28 ілмек», «Құрақ көрпешелер жасау» шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, ортақ маңызды шара өтті. «Биіктерге бірге» бөлімінде спорт залда «Асық Party», гимнастика жаттығулары, тоғызқұмалақ, шахмат, шашка ойындары оқушылардың белсенді қатысуымен көзге түсті.

Жалпы үзіліс кезінде «100 күй» жобасы негізінде күйлер орындалып, «100 кітап» жобасы аясында 20 минуттық оқу ұйымдастырылды.Мерекелік шара «Елімнің жүрегі- Астана» тақырыбындағы концертпен тәмамдалды.

 

 

Оқу- көрме залы. 

  

 

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»

 

«Эверест» туристік клуб мүшелері

 

«Асық Party»

 

Тоғызқұмалақ ойыны

 

«100 кітап» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу

 

Елбасымыздың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабымен танысу сәтінен

 

 

«Айбын» әскери- патриоттық клуб мүшелері

 

Бастауыш сынып оқушылары және ата -аналар

 

«Жаныңда жүр жақсы адам» әлеуметтік жоба. Ақын Қатимолла Бердіғалиевпен кездесу.

 

«Біз таңдайтын мамандық»

 

«Жайықтың жыр жауһарлары»