«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Шаңырақ сагаты

2017 жылдың желтоқсан айында «Тәуелсіздік» мерекесіне орай мектебіміздің акт залында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында 5а және 8б сыныптар арасында шаңырақ сағаты оздырылды. Шараны мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Ережепова Айнагүл Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы қадамдарынан мысалдар келтіре отырып, құттықтау сөзімен ашты.

 

 

Шаңырақ сағатының мақсаты: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылыққа баулу арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. Өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

 

 

Шара барысында Мемлекеттік әнұран орындалып, балалар тақпақтарын, әндерін, қыз балалар билерінен өнерлерін көрсетті. Қазақстанның 1991 жылғы тарихынан осы күнге  дейінгі жеткен жетістіктері баян етілді.

 

 

 

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз, - деген тілекпен Малика мен Айша есімді оқушыларымыз тәрбиелік шараны қорытындылады.