«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Тұңғыш президент күні

1желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай 7б, 9а сыныптарының біріккен шаңырағында «Елін сүйген елбасы» атты шаңырақ сағаты өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Латын графикасына көшу-рухани жаңғырудың басты құндылығы» тақырыбында Жас саясаткерлер клубы мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. Кешке Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Жексенғалиев Болат Өтеғалиұлы мен белгілі тележурналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Мұнайдар Балмолда қатысты.

Музыка пәні мұғалімі Ә.Батырова және мектеп тәлімгері Э.Б.Орынбаеваның ұйымдастыруымен 100 ән жобасы бойынша Елбасының авторлық және сүйіп тыңдайтын әндеріне байланысты кеш ұйымдастырылды.