«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Тәуелсіздік күні

М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай 5-15 желтоқсан күндері аралығында оқушыларға желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, Тәуелсіздікке жету жолына талай боздақтарымыздан айырылғанымыз жөнінде оқушыларға жете ұғындыру мақсатында онкүндік шара ұйымдастырылды.

Онкүндік барысында «Ел аңсаған тәуелсіздік» тақырыбында шығармалар сайысы, «Отаным- Қазақстан» суреттер байқауы ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды. Сонымен қатар «Шаңырақ» ұйымы жоспарына сай «Оқжетпес» шаңырағы «Тәуелсіздік- азаттығым, бақ күнім», «Шалқар» шаңырағы «Тәуелсіздік- елімнің ерлік жолы», «Достық» шаңырағы «Тәуелсіз елім- кең байтақ жерім» тақырыптарында шаңырақ сағаттары өткізілді. Онкүндік «Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік» атты мерекелік концертпен қорытындыланды.