«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Ұстазым, сізге мың алғыс!!!»

1 қазан – Қариялар күні және қазан айының алғашқы жексенбісі – ұстаздар күні. Осы мерекелер қарсаңында мектебімізде «Ұстазым, сізге мың алғыс!!!» атты мерекелік шара өткізілді. Барлық сыныптар ұстаздарына арнап, жаргазеттер дайындап, 10-11 сынып оқушылары ұстаздарының қызметімен алмасып, сабақтар өткізді. Мектеп ұстаздарынан құрылған 12 сынып оқушыларына музыка және дене шынықтыру сабақтары өткізілді. Соңы ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен өткізілген мерекелік кешке ұласты. Шараға Ғалия Хайдарқызы, Кенже Актайқызы, Айжан Шамахқызы,Бақтылы Бақтығалиқызы, Назигүл Құлмырзақызы сынды ардагер ұстаздарымыз қатысты.  Кеш барысында түрлі ойындар ойнатылып, қызықты сұрақтарға жауаптар алынып, ұжымға жаңадан қосылып жатқан ұстаздарға ант қабылдау рәсімі өткізілді. Ардагер ұстаздарымызға мектеп ұжымы атынан сыйлықтар тапсырылды.