«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Тілдер апталығы

М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінде 18-22 қыркүйек күндері «Тілдер достығы-халық бірлігінде» атты қазақ, орыс, ағылшын тілі пән бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталық өтті.

 

Мақсаты: Оқушылардың бойына тілдің рухани құндылығын ұғындыра отырып, ана тілдің қадір –қасиетін, ұлтаралық қатынас тілі мен халықаралық тілді меңгертудегі тілдік мәдени құзіреттілікті қалыптастыру.

 

Осы апталық аясында мәнерлеп оқу сайысы, эссе байқауы, «EXPO-2017» Халықаралық көрмесі - болашақтың энергиясы» тақырыбында оқушылар арасында журналистік сұхбат үш тілде жүргізілді. Осы шарада оқушылар жазғы демалыстарында көрмені тамашалаудағы әсерлерін үш тілде әңгімелеп берді.