«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Білім күніне арналған «Сәлем саған, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өтті

2017 жылдың 2 қыркүйек күні мектепте 1-11  сынып оқушыларының қатысуымен 1 қыркүйек- Білім күніне арналған «Сәлем саған, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиын өтті. Мектеп 588 оқушымен 2017-2018 оқу жылын бастады. Жиынға  БҚО әкімінің орынбасары Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы, Облыстық Білім басқармасы кадр бөлімінің меңгерушісі Абдрахманова Жанна Нагимовна қатысты. 

 

БҚО әкімінің орынбасары Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы және ата-аналар атынан Самал Қалиматұлы құттықтау сөз сөйлеп, М.Б.Ықсанов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнайы 1-сынып оқушылары үшін «Менің Отаным- Қазақстан» атты кітабы сыйлыққа берілді. 
Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушылары Хажиакпаров Темирлан, Камидуллиева Әдемі және 1 сынып оқушылары Туркин Дастан мен  Көбейсин Кәусарға тапсырылды. 
Алғашқы қоңырау салтанатынан кейін 1-11 сыныптарда  «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы алғашқы Білім сабақтары өткізілді.