«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
18.05.2017 ж. күні М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектепте қалалық «Жас саясаткерлер» клубының жұмысы қорытындыланды.

Қорытынды әдеби-сазды кеш түрінде ұйымдастырылды. Кешті клуб жетекшісі Б.М.Абдолова мен клуб мүшелері жүргізді. Б.М.Абдолова жыл бойы өткен шараларға байланысты қатысқан мектептің клуб жетекшілері мен мүшелерін марапаттады. Сонымен бірге клуб мүшелері кешке арнайы дайындап келген өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында  клуб жетекшілері сөз алып, өз бағаларын беріп, келесі оқу жылының жұмыс жоспарларына өз ұсыныстарын білдірді.