«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
М.Б.ЫҚСАНОВ АТЫНДАҒЫ № 36 ОЖББМ «ЖАС МҰҒАЛІМДЕР» МЕКТЕБІНІҢ І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТА ЖҮРГІЗГЕН ІС-ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

«Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика, методикадан  хабардар оқыта білетін мұғалім.Мұғалімі қандай болса,мектебі де сондай болмақ»- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,әр мұғалім білімді мектептің жаны болып,білім саласындағы  әр жаңалыққа қадам басатын әдістерден хабардар болуы шарт.
Мектеп директорының  2016 жылғы 3 қыркүйектегі №255 бұйрығы негізінде «Жас мұғалімдер» мектебінің жетекшісі болып бастауыш сыныптың бірінші санатты мұғалімі А. Т. Каипова тағайындалды.
2016- 2017 оқу жылында жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жас мамандар мен озат тәжірибелі ұстаздар байланысын бекітіп оларға әдістемелік көмек көрсету үшін мектеп директорының 2016 жылғы 3 қыркүйектегі №255/1 бұйрығымен жас мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындау туралы: Дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.С. Кошановқа тәлімгер І санатты: дене шынықтыру пәні мұғалімі  М.С. Жанғалиев,А.М. Сағатоваға І санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Н. Бисемалиев. Бастауыш сыныптар бойынша психолог А.Л. Муратоваға ІІ санатты мектептің педагог-психологі К.Н. Губашев тәлімгер болып бекітілді.

 

 


Мұғалімнің аты- жөні

             Пәні

    Тәлімгер

1.

А.С.Кошанов

Дене шынықтыру

М.С. Жанғалиев

2.

А.М. Сағатова

Дене шынықтыру

М.Н. Бисемалиев.

3.

А.Л. Мұратова

психолог

К.Н. Губашев

 

«Жас мұғалімдер» мектебінің  мақсат, міндеттері айқындалып, жұмыс жоспары құрылып , бекітілді.
Мақсаты:
- Жас мамандардың педагогикалық қызметке ынта- ықыласын ояту оларды білім беру мекемесіне тұрақтату.
-Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан қалыптасу процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту. 
-Мектеп ұжымының үздік дәстүрлерін, тәртіп ережелерін сақтауға,ұстаздық міндетті саналы түрде орындауға баулу. 
«Жас мұғалімдер» мектебінің жоспары бойынша  2 отырыс оздырылды.Отырыста жас мамандарға құжаттармен жұмыс жасау кезінде педагогикалық талаптарды сақтау,журналдарды сауатты толтыру,оқушы білімін бағалау мен жүйелеу,есепті уақытынан кешіктірмей сауатты тапсыруға дағдыландыру.Өзара тәжірибе алмасу,сабаққа қатысу.Білім беру технологиялары туралы әдебиеттер мен басылымдарға шолу жасау сабақтарын басылымдарға беру.Жұмыс барысында педагогикалық этиканы және еңбек тәртібін сақтау.Жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында тағайындалған тәлімгерлердің жұмыстары тыңдалды. 

 

 

Жас мұғалімдер өздерін аз уақыт ішінде мектепішілік , қалалық түрлі шараларға белсене қатысып тәлімгерлерінен алған тәлімін,әріптестерінен үйренгендерін жаңаша үлгіде  көрсете білді.

 

 

 

Атап айтар болсақ, А.М. Сағатованың дене шынықтыру апталығында «Көңілді сөре» эстафеталық сайысы және  А.С.Кошанов  7 сыныпта «Ұшып келе жатқан допты тоқтату» тақырыбындағы сабағы әдістемелік талапқа сай құрылған, оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсаты көзделген сабақ болды, шеберлікпен өткізе білді.

 

 

 

Сонымен қатар бастауыш сынып психологы А.Л.Мұратова  ата- аналар мен түрлі тақырыптарда тренингтар өткізіп ата-аналар мен әріптестерінің көңілдерінен шыға білді.

 

 

Ұстаздық жолдарында шығармашылық табысқа ұмтылған мектептің жас мұғалімдері ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектерінде жауапкершілікті жоғары бағалайтынын аңғартты.Ұстаздар жарты жылда мектепте өткен тәрбиелік іс- шараларға,қоғамдық жұмыысқа белсене араласып,өздерін басқа да қырларынан таныта алды.Жас мұғалімдер өз білімдерін шыңдау үшін тәлімгерлерінің сабағына үнемі қатынасып тәжірибе жинақтады. 
Жас мұғалімдер өздерінің тәлімгерлердің жоспары бойынша жұмыстанды. 
Жас ұстаздардың нәтижелі жұмыстарына сәттілік!