«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
М.Б.ЫҚСАНОВ АТЫНДАҒЫ № 36 ОЖББМ 22 ҚЫРКҮЙЕК -ТІЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАНЫҢ ӨТІЛУІ ТУРАЛЫ

Тақырыбы: «Үштілділік заман талабы»

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», 2015-2016 жылдарға арналған мектепте 12 жылдық білім беруге көшудегі үш тілділікті іске асыру.Үш тілде сөйлеуді меңгеру;Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау; Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

 

Міндеті: Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру, үш тілде еркін сөйлеу. Тіл мәдениетін жетілдіру.

20 кыркүйек күні 8-11 сыныптар «Тіл - халықтың жаны»  «Язык  - душа нарада»  «Language is the soul of nation»тақырыбында эссе жазып нәтижесінде жүлделі орындар марапатталды.

 

 

Жоғары сыныптар арасында эссе жазуда қазақ тілі пәнінен І орын 8 А сынып оқушысы Кумарова Жадыра, мұғалімі С.М.Кадрешова, ІІ орын Тлеккабулова Айда 8 Б сынып оқушысы мұғалімі Л.Н.Салимова, ІІІ орын Мухамбеткалиева Жанар 8 А сынып оқушысы және Габдушева Гүлнұр мұғалімі А.У.Нурмузамбетова.  Орыс тілі пәнінен І орын Байкадамова Гаухар 11 A сынып оқушысы, ІІ орын Муратова Ақерке 10 А сынып оқушысы ІІІ орын Габдушева Мадина 10 А сынып оқушылары иеленді мұғалімі А.Ж.Кужахметова, ағылшын тілі пәнінен 8 А сынып оқушысы Медерқұл Аружан мұғалімі Ж.Ж.Кубаева,  тілдер күніне орай өз тақырыптары бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ. Мүсірепов


«100 ән - 100 кітап» акциясыаясы барысында үлкен үзілісте мектеп кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылар кітап оқып акт залда ән айтылды.

 

 

Кітапханада 8-9 сынып оқушылары қазақша, орысша және ағылшын тілінде көркем әдебиет пен қызықты кітаптарды өз бетімен оқып мазмұнынан қысқаша үзінділер айтты өзінің оқыған кітабімен бөлісті. Соңынан оқушылар кітіпханашыдан жеке топшамаларына кітаптарды жаздырып алды.   

 

 

Ағылшын тіліндегі кітаптарды оқу барысында пән мұғалімдерімен бірігіп оқылды, оқушылардың кейбір түсінбеген сөздеріне көмектесіп бірлескен оқу өтті. Оқушылардың кітап оқу барысында оның мазмұны мен құндылығына мән беру керектігі, кітіап оқу арқылы тіл жаттығып, сөздік қордың да молаятыны айтылды. Кітапханашы тарапынан үлкен үзіліс кезінде кітап оқу ұсынысы айтылды. Оқушылар бұл ұсынысты қабыл алды.

 

 

Мектептің акт залында 10-11 сынып оқушыларының бірлесуімен кітап оқу уақытында оқушылар бір біріне кесел келтірмей бір мезетте бірнеше кітап беттері ашылып көз жүгіртіп оқып шықты, нәтижесінде оқушының бойында рухани байлық пен адамгершілік тұрғысында іздемпаздық пен алға талпыныс әрі қарай не болап екен деген оймен олар аяқталмаған кітаптарын кітапханашыдан өз жеке топшамалаына жаздырып алды.

 

  

 

Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.

 

 

 

 

5-7 сыныптар арасында 22 қыркүйек күні үш тілде мәнерлеп оқу сайысынында оқушылар белсене қатысып үш тілде тақпақтар айтуда өте жақсы өтті деп есептеймін.

 

 

 

 

Мәнерлеп оқу сайысы барысында оқушылардың барлығы да үлкен дайындықпен келген. Өзіне берілген тақпақтарын аса шеберліктен нақышына келтіріп айтылған өлең жолдары бар, оларды шара соңында көрмеге шығарылды. Мәнерлер оқу сайысына мектептен оқушы қатысты.  Нәтижесінде қазақ тілі бойынша І орын Орынгалиева Айдана 7А сынып оқушысы, орыс тілінен І орын Ахметкалиева Мадина 7 A  сынып оқушысы ІІ орын Максутова Дильназ 7 б сынып оқушысы және ІІІ орында Ишанбекова Малика 7 б сынып оқушылары, ағылшын тілінен І орын 7а сынып оқушысы Аюпова Алина, ІІ орында марапатқа ие болды.
«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін!
Тілдер күніне арналған іс шараны қорытындылау негізінде мектеп дәлізіне «Жеңімпаздар галлереясы. Галлерия победителей. The gallery of winners» үш тілде ӘБ мүшелері барлық өткен шаралардан үзінді ретінде фотолар мен сайыстардан жеңімпаз атанған оқушылардың орны белгіленді және өткен әрбір шарадан үзінді мен фотолар жапсырылды.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші тілімізді құрметтеп асқақтатайық, шет тілдерін үйреніп өз білімізді жетілдіріп жас ұрпақ тәрбиелеуде еңбегіміз жана берсін.