«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
М.Б.ЫҚСАНОВ АТЫНДАҒЫ № 36 ОЖББМ 09.11.2016 ЖЫЛЫ ӨТКЕН «ҮШТІЛДІЛІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ «ИГІ ҚАДАМ» ЖҚ ҚАЛАЛЫҚ КОУЧИНГ СЕССИЯСЫНА РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП

«Игі қадам» желілік қоғамдастығының жоспарына сай қалалық магниттік мектептер арасында «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында мектепте коучинг оздырылды. Коучингке қаланың бес мектебінен (№ 34 МГ, № 25 ОЖББМ, № 36 ОЖББМ; № 22 ОЖББМ) барлығы 11 мұғалім қатысты. 
Қазіргі заман талабына сай мектептерде үш тілділікті енгізу мәселесі туындар отыр. Осы бағытта мәселені шешу барысы мен артықшылықтары мен кемшілік жақтары қарастырылды. 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңынын, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», мектепте 12 жылдық білім беруге көшу жұмыстарын жүзеге асыру; мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда үш тілде сөйлеуді меңгеру;  география, физика, математика және география пәндерін ағылшын тілінде оқытылуын жүзеге асырубарысында  алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі: мемлекттік тілді қолдану мәртебесі артып, тіл мәдениеті жетілдіруде пәндер бойынша ағылшын тіліндегі терминдерді меңгереді.
Коучингке қатысушыларды топқа бөлу барысында үш тілде жазылған «әрқашан күн сөнбесін» әнінің бір шумағының әрбір жол қиындысын суырып үш тілде шумақтың жалғасын тауып үш топқа топтасыты және әнді үш тілде орындады. Бүгінгі тақыырпты ашу барысында белсенді тақтадан бейне көрсетілім тамашалады.

 

 

Сұрақ – жауап арқылы тақырып ашылып жұмыс әрі қарай үш тілде танысумен жалғасты. Үш топ бойынша өздерін үш тілде таныстырып қатысушылар өздерінің тілді қаншалықты білетіндерін көрсетіп, танысу қызықты түрде өтті, әрі олардың қызығушылықтары артқаны соншалықты ағылшынша сөйлемдермен толықтырды. Бұл коучингке қатысушылардың үш тілден хабардар екені және алға ұмтылыстары байқалды.

 

 

Топтық жұмыста қазіргі таңдағы үштілділік мәселесі қозғалып оның артықшылығы, кемшілігі мен проблемасы, және болашақта мектептегі үштілділікті қалай елесетесіз дегенде топ мүшелері өз ойларын постер бетіне түсіріп аса белсенділікпен өздерінің ой толғаныстарын, қандай туындаған мәселемен бетпе –бет кездесіп жүргендерін ортаға салды. «Әркімнің ойы кұнды» демекші коучингке қатысушылар постер қорғауда барлық топ мүшелері толық қатысып қызу талқылау болғандай болды. Демек, бұл заман талабынан туындаған мұғалімдердің жан айқайы, олардың алдында алдымен үрей тұрды, бірақ өзіне сенімділік болса алға ұмтылыс болса бұл жағдайдан да шығатындары білінді. Топтық жұмыста топ мүшелері бір – бірімен жақсы ынтымақтастықта жұмыс жасалды.

 

 

Қорыты келе мен мынадай ой түйдім: үштілділік мәселесі заман талабынан туындап отыр. Болашақта мектепте үштілділікті енгізу арқылы балалардың үлкен болашаққа жол ашып, көзі ашық көкірегі ояу азамат пен азаматша тәрбиеленсе онда мұғалімнің де мәртебесі артады және елімізге қосқан үлесіміз деп біліп білімді ұрпақ тәрбиелеуде еш шаршамай, өз білімімізді үнемі жетілдіріп отыру біздің басты міндетіміз.