«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
2018-2019 оқу жылында М.Б Ықсанов атындағы №36 ЖОББ мектебінде Республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

Ақпарат

         М.Б Ықсанов атындағы №36 ЖОББ мектебінде  Республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы 27.07.2018ж № 295 бұйрығы шығарылды. Бұйрық негізінде жоспар құрылып, бекітілді. Акция барысында әдістемелік нұсқаулықтар басшылыққа ала отырып,мектеп дәлізіне плакаттар ілініп, «Мектепке жол»атты бұрыш жасақталды. «Тәуекел тобындағы», тәрбиесі қиын деген балаларды анықтау мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Жертөлелер мен базар,ойын клубтары маңайында рейд жүргізілді. Рейд нәтижесінде мектепке келмей отырған балалар анықталған жоқ.  «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 672000 теңге бөлініп, 3 оқушы 238560 теңге қаражатқа Астана қаласына саяхатқа барып келді. Демеушілік көрсеткен ЖК «Носова С.А», екі оқушыға мектеп формасы мен аяқ киім (15000 теңге мөлшерінде) алып берді.  АҚ «Сбербанк» 10 балаға 50000 теңгеге(әр балаға 5000 теңге көлемінде) сыйлық жасаса, бір оқушыға мектеп формасын (17000тг) алып берді. «Спецкомплект» дүкені екі оқушыға (30000тг) мектеп формасымен көмектесті. 5 сыныптан бір ата-ана 5 мын теңге көлемінде бір оқушыға сабақ құралдарын алып берді. Мектеп мұғалімдері жиналып бір оқушыға күзгі етік (7000 теңге) алып берді.