«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
М.Б ЫҚСАНОВ АТЫНДАҒЫ №36 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕТКТЕБІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Анықтама

 

Орал қаласының білім беру бөлімінің 25.07.2016ж. №501-ө бұйрығы негізінде 26.07.2016ж №187 Жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрық шығарылды. 2016ж 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтуде. 
Акция бойынша 2 плакат және 10 үнқағаз жасақталды.
Базар, темір жол, авто вокзалдар, жертөлелерге 4 рейд ұйымдастырылып, бұл шараға 10 адам қатысты. Мектептің шағын аудандарында 0-18 жастағы балалардың есебін жүргізу мақсатында 27 аула аралауға 36 мұғалім осы шараға тартылуда.Сабаққа себепсіз бармай жүрген оқушылар әзірше анықталған жоқ. Балалардың еңбегін пайдалану фактілері анықталған жоқ. Мектебіміздегі аз қамтылған, көпбалалы отбасының  және қамқоршы қарамағындағы 61 оқушыға  «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 600 000тг. көлемінде мектеп формасы берілді. Ата-ананың өтініші негізінде жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсету барысында қалалық маслихат депутаты Ә.Ө Салиеваға өтініш хат жолданып, хат қанағаттандырылды. Әлеуметтік топтағы 9 сынып оқушысына спорт киімі, спорттық аяқ киім мен оқу құралдары берілді. 
«Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілген Республикалық акция барысында мектебімізде мерекелік шара өткізілді.