«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
КОУЧИНГ СЕССИЯСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің ТАӘ және жұмыс орны

Ж.Ж.Кубаева , М.Б.Ықсанов атындағы № 36 ЖОББМ ағылшын тілінің
І деңгейлі мұғалімі.
Г.К. Молдагалиева М.Б.Ықсанов атындағы № 36 ЖОББМ информатика пәнінің І деңгейлі мұғалімі.

Уақыты

14.12.2016              сағат: 10:00

Деңгейі

Қалалық семинар қатысушыларына

Тақырыбы:

«Жаңартылған білім беру мазмұны: ерекшеліктері мен проблемалары»

Мақсаты

Білім мазмұнын жаңартуда мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдау, табысқа қол жеткізуде оқу – танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқу мен оқытудағы өз іс тәжірибесімен бөлісіп, тәжірибе жинақтайды, оқу әдістемесі жетіледі. Оқытуда  оқушылардың білім деңгейін арттыруға ықпал етеді.бірлескен өзара қарым- қатынас орнайды.

Түйінді идеялар

Өмір талабына сай білімге ұмтылу, шығармашылықпен жұмыс жасауға тарту, өзін – өзі дамыту.

Әдіс- тәсілдер

Топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, тұжырымдамалық постерлер жасау.

Ресурстар

Маркерлер, плакаттар, бейне жазба, сөздер жазылған қағаздар, түрлі түсті қағаздар,  стикерлер.

Кезеңдері  

Уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Тыңдаушылардың іс - әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі.

8 минут

Қатысушылармен амандасу. 
Тренинг: «Жылы жүрекпен» 
мектеп психологі А.Муратова

 

Топқа бөлу

3 минут

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шежіре» арқылы топқа бөлу. Сурет қиындыларын таңдап алып өз жұптарын тауып топтанады.

5 топ жұмыстанады
1 топ: Бәйтерек.
2 топ: Елорда.
3 топ: Қазақ елі. 
4 топ: Туған жер.
5 топ: Білімпаздар.

Бейне ролик көру.

5 минут

М.Шақанов «4 ана».
Бейне көрініс көру.

Бейне роликтің мазмұнын айта отырып,

Постер қорғау

7 минут

Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен проблемалары туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру, немесе

Топта бірлесіп жұмыстанады. Әркім өз ойын білдіреді.

Сергіту сәті

7 минут

«100 ән, 100 кітап» жобасы бойынша 5 топта таңдалып алынған әндері орындалады.

Әр топ мүшелері бірігін бір әнді суырады, топпен орындалады.
1. Е.Қасанғалиев «Атамекен»
2. Д.Қажымов «Ақ жайық» 
3. «Сарыжайлау»
4. «Ұстазым»
5. И.Ескендір.  «Көк тудың желбірегені»

Бағалау

5 минут

Топтың аты жазылған қағазды суыру арқылы бір- бірін бағалайды.

Әр топ қағаз суырып өздеріне түскен топты бағалайды. Әр түрлі бағалаудың тәсілдері қолданылады.

Рефлексия

5 минут

1топ: Әрекет рефлексиясы.
2 топ: Сенсорлық\ сезімдік рефлексия.
3 топ: Зияткерлік рефлексия.
4 топ: Ішкі әлем рефлексиясы.
5 топ: Шеңбер рефлексиясы.

Әр топта рефлексия түрлерімен жеке, топтық рефлексия жасалады.

Кері байланыс

 минут

«Бес жолды өлең» әдісімен кері байланыс жасалады.

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бейнеленген күннің айналасына семинарға қатысушылар өз ойлары мен тілектерін жазып жапсырады.

Қолданылған әдебиеттер

1.МАН
2.А.Әлімов «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» Алматы 2015ж. 
3. Коучинг сессиясын жоспарлау: коучинг құралдары және оның тиімділінін бағалау. ПШО кітапханасы Астана 2016ж.

 

 

М.Б.Ықсанов атындағы № 36 ЖОББМ 14.12.2016 жылы өткен «Жаңартылған білім беру мазмұны: ерекшеліктері мен проблемалары» тақырыбындағы қалалық семинарға рефлексивті есеп

Семинар мақсаты: Білім мазмұнын жаңартуда мұғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдау, табысқа қол жеткізуде оқу – танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі: Оқу мен оқытудағы өз іс тәжірибесімен бөлісіп, тәжірибе жинақтайды, оқу әдістемесі жетіледі. Оқытуда  оқушылардың білім деңгейін арттыруға ықпал етеді.бірлескен өзара қарым- қатынас орнайды.

 

 

Семинардың қызығушылық бөлімінде семинардың ашылуында мектеп директоры А.З.Губашева сөз алып тақырыпқа сай мектептегі апробация жұмысына тоқталды. Мектептің әдістемелік жұмысымен директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары Г.А.Ташимова таныстырып өтті. 
Мағынаны табу бөлімінде семинарға қатысушылар сабақтарға қатыстып, мұғалімдермен тәжірибе алмасты. 1-2 сыныптарда сегіз мұғалімнің понарамалық сабақтарына қатысу барысында әр түрлі пәндер бойынша пікір алмасылып, тәжірибелерімен бөлісті.  Семинарға қатысушылар 1-2 сыныптардағы пән мұғалімдерінің сабақ берудегі әдіс- тәсілдері мен сабақта қолданылған белсенділіктерді және сабақ берудегі шеберліктерін өз сабақтарында да алмасып қолданады деген ойдамын. 
Ағылшын тілі пәнінен А.К.Кубаева және Р.Т.Джоламанова «Pets and animals» тақырыбында 1a сыныбында понарамалық сабаққа семинарға қатысушылармен бірге өткізіп жақсы әсерде қалды. Сабақта екі мұғалім де әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы қызықты өтті.

 

 

 

Бастауыш сыныптарда математика пәнінен 2а сыныбында Б.Қ.Базарбаева «Жиын. Ақиқат пен жалған» тақырыбындағы сабағына түрлі ресурстарды қолдану арқылы матемитика сабақғының өту барысымен таныстырып, түрлі ойындар тәсілдер қолданудағы оқушылармен жұмыстың жетістіктері айтылды.
«Туған жерімнің әуендері» тақырыбында 1 б сыныбындағы музыка сабағында пән мұғалімі А.У.Батырова түрлі музыкалық аспаптар арқылы сабақтағы әдістерді көрсетті.

 

 

2б сыныбында А.А.Жайманова «Өз мекенім жақсы» тақырыбындағы сабағы және бейнелеу өнері бойынша Е.С.Галимов «Туған өлке тұрғындары» тақырыбындағы сабағ 2б сыныбында қызықты әрі тартымды өтті.

 

 

Орыс тілі пәнінен А.С.Галиева «Дикие животные» тақырыбында 1б сыныбындағы понарамалық сабағы белсенді тақтаның көмегімен тартымды сабақ ұйымдастырды.
Дене шынықтыру пәнінен М.Н.Бисемалиев 2в сыныбында «Тепе- теңдікті дамыту» тақырыбындағы сабағына дене тәрбиесі мұғалімдері толық қатысып бағдарламаға сай сабақтан өтіп шықты.

 




Семинарға қатысушылар барлық понарамалық сабақтан соң сабақта кездесетін қиыншылықтыр мен артықшылықтары және жаңартылған білім беру мазмұнының ерекешелігі неде деген сауалмен семинар коучингпен ұласты. Мектеп психологі А.Муратова семинарға қатысушылармен «Жылы жүрекпен» тренингін өткізіп бір – бірімен танысып, жылы сөздер сыйлады. 
Қатысушылар бір – біріне деген сыйластықпен әрі қарай коучинг М.Шақановтың «Төрт ана» бейне көрінісін көріп шағын пікір алмасылды. Топқа болу барысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты тәуелсіздік шежіресі бағытында барлық қатысушыларға қиынды суреттер үлестіріліп, өз жартыларын тауып топтасты. Нәтижесінде 1 топ- Бәйтерек, 2 топ- Елорда, 3 топ- Қазақ елі, 4 топ- Туған жер, 5 топ- Білімпаздар болып бес топқа бөлінді. Әр топта пәндеріне байланысты жалпы жаңартылған білім берудегі ерекшелігі мен қиындықтары туралы бөлісу постер қорғауға уақыт берілді. Постер қорғау барысында әр топ өз тәжірибесіндегі кездесетін қиындықтар жайында және сабақтарындағы артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ортаға салды. Әр топ постер қорғау барысында туындаған сұрақтарға мектептің аптобацтя сыныптарында сабақ беретін пән мұғалімдері жауап беріп, толықтырып отырды.

 

 

Постер қорғау барысында әр топ басқа топтарды бағалаудың әр түрлі тәсілдерімен бағалап отырды.

 

 

 

Сергіту сәті барысында топтың аты жазылған қиынды қағазды суыру арқылы «100 ән, 100 кітап» жобасы аясында өз топтарына түскен әнді топпен орындау сұралды. Сергіту сәтінде Е.Қасангалиевтің «Атаменкен», Д.Қажымовиың «Ақ жайық», «Сарыжайлау», «Ұстазым», «Көк тудың желбірегені» әндері орындалды.
Коучинг сессиясын қорыты келе әр топта рефлексия жасалды, 1 топ: әрекет рефлексиясы, 2 топ: сенсорлық немесе сезімдік рефлексиясы, 3 топ: зияттық рефлексиясы, 4 топ: ішлі шеібер рефлексиясы, 5 топ: шеңбер рефлексиясы жасалып топтық жұмысты бағалады. Кері байланыс барысында «бес жолды өлең» арқылы өз ойларын бейнеленген күннің айналасына жапсыру арқылы қорытынды жасалды.
Семинарға қатысушы модераторлармен «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында Г.А.Макаримова және С.М.Кадрешова тренинг жүргізді. 

 


 

Ой – толғаныс бөлімінде барлық семинарға қатысушылармен рефлексия жүргізуде «Ішкі және сыртқы шеңбер» тәсілімен бүгінгі семинардан алған әсерлері мен ойларын бөлісті. Семинар соңында бүгінгі күні өткен семинардан қысқаша бейне ролик үзінділері көрсетіліп өткен шараларға кері байланыс жасалды.