«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
READx жобасы

Мектебімізде оқушылар арасында кітап оқуды насихаттап, оқуға деген қызығушылығын арттырып, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыруға бағытында  READx жобасы  аясында шара өткізілді. Шараға белгілі тележурналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі М.Балмолда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі С.Кадрешова, 11 сынып оқушысы М.Ниетқали және 9 сынып оқушысы М.Ахметкалиева спикер ретінде қатысып, өз оқыған шығармаларымен бөлісті.

Мақсаты: Оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

 

READx жобасы  -  бұл кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, шабыттандыратын адамдардың көпшілік алдындағы сөйлеуі.

             

 

 

 

Әдетте, спикерлердің көпшілік алдында сөйлеуі қол шапалақтау мен тұрып сөйлеуге негізделсе,  ал бізде мүлдем басқаша өткізілді. Кітапхананың еріктілері оқушыларға «Оқимын» және «Ойланамын» деген жазуы бар  екі топшама  үлестірілді. Әр сөйлеушіден кейін оқушылардың қолдарындағы  бір топшаманы көрсету арқылы дауыс берілді. Бұндай дауыс беру  спикерлердің ұсынған қай кітабы қызықтырғаны  анықталды.