«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Кел балалар оқылық» атты 20 минуттық оқу жобасы

Мектебімізде оқушыларға арналған 20 минуттық оқу жобасы жоспарға сай әрі қарай өз жалғасын табуда.

 

Жобаның мақсаты:

Мектеп оқушыларын көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру, эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ақын-жазушылардың өлеңдерін, прозалық, драмалық еңбектерін,  оқытып, таныту және үні мен өмір шыңдығын, шығарманың тәрбиелік мәнін, өнерін дарыту, шығармашылық қабілеттерін ашу және өз халқын, тілін, ақын шығармаларын құрметтеуге, рухын қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Әдеби тілді сауатты әрі еркін меңгеруге дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның сезімдік мәдениетін дамыту;

 

Міндеттері:

 

1.Балалардың қазақстандық патриотизмі мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру, талантты балаларды анықтауға және жұмыстануға жағдай жасау;

 

2.Балалар шығармащшылық қабілетттерін дамыту;

 

3.Өз елінің жетістіктері мен табыстарын құрметтейтін және бағалайтын, көркем әдебиетті сүйетін оқушылар бейнесін көпшілікке таныту;

 

4.Дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету;