«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туып-өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, Отанын қастерлеу, елін құрметтеу, жерін қадірлеу бағытында   1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатынан

 

2018 жылдың 30 қараша  күні мектептің оқушыларына 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

 

Мақсаты: Оқушыларға  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туып-өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, Отанын  қорғауға, елін құрметтеуге, жерін қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту.        

 

 Тәрбие сағаты Әнұранмен ашылды. Кітапханашы «Егемен елдің Елбасы» атты көрмемен таныстырды. Тәрбие сағатында президентіміздің өмір жолымен, және тыңдырған істері, Тұңғыш Президент күні туралы әңгімеленді. Арнайы бейнероликпен слайд көрсетілді. «Есіл ер» атты қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің өлеңі жатқа айтылды. Сонымен қатар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» мақаласы туралы да түсіндірілді. Шара соңында Тәуелсіз елімізге арналған жыр-шумақтар оқылып,   кітапханашы оқушылардың сұрақтарына жауап берді.