«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
Мира Хамзақызы Шүйіншәлиевамен кездесу кеші болып өтті

8 желтоқсан Біздің қазақ елі ұлы тұлғаларға, дарынды ақын-жазушыларға кемде –кем емес. Жүректерді жан жылуымен ерітіп, проза әлемін биік шындарға бағындырып жүрген республикаға танымал жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,  Халықаралық  «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, «Махаббат бағы»  «Шүберек қуыршақ»   «Жүректегі құпия» «Жүректегі құпия» кітабының авторы,Орал қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газеті редакциясының басшысы Мира Хамзақызы Шүйіншәлиевамен кездесу кеші болып өтті

Мақсаты: Ел тәуелсіздігінің 25 жыл қарсаңында тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, отан мен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, сөз өнерін қадірлеу, жазушының шығармаларымен таныстыру. Білім алушылардың прозаға деген  сүйіспеншілігін арттыру, прозаның құдіретін сезіндіру.

 

Жазушы  шығармаларын оқыған кезде бүгінгі дінге шырмалған адасқан қызды да табасыз,  қалаға көшіп кеткен баланың артынан  ауылдан келетін қарияны да табасыз, жүрегін жарып шыққан балаларын иіскеуге зар болған, дәл бүгінгі күні қартайғандар үйінде жатқан қарияның да тағдырын, ананың да мұңын табасыз. Әрине, мұның барлығы да жазушы өмірден көріп отырған кейіпкерлері және кезеңнің суреті. Оқырманның жүрегін жылататын және жылытатын кұбылыстарды жазушы  шығармаларынан табуға болады.