«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Кітапхана – рухани қазына» атты саяхат сабағы ұйымдастырылды.

2017 жылдың қыркүйек айында мектептің 1 сынып оқушыларына зияткерлік және ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағытында «Кітапхана – рухани қазына» атты саяхат сабағы ұйымдастырылды.

Мақсаты:   Кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау ісі – оқушылардың кітап оқуына басшылық етудің табиғи бөлігі болып табылғандықтан, балаларды оқу мәдениетіне, кітапхана қорын пайдалана білуге, кітапты күтіп ұстауға, оны дұрыс таңдауға, түсініп оқуға тәрбиелеу.

 

Шара  барысында  мектептің 1-сынып оқушылары кітапханаға алғашқы рет саяхат жасап, оқырман қатарына қабылданды.  Олар 1- қабатта орналасқан өз сыныптарынан шығып «Көңілді поезбен»  үшінші қабатта орналасқан  мектеп  кітапханасымен танысты. Кітапхана меңгерушісі  арнайы кітап көрме,  кітап, кітапхана туралы бейне слайд және кітапхана ережесі таныстырылды. Сонымен кітап туралы жұмбақтар жасырылып ойындар ойналды. Шара соңында кітапханашы оқушылардың сұрақтарына жауап берді.