«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Нашақорлық – XXI дерті» атты шара өткізіліп, көрме ұйымдастырылды.

Ұлттық денсаулық сақтау қоры мен БҰҰ-ның ұсынысына сәйкес    2017 жылдың 10 қараша-10 желтоқсан аралығында «Право на здоровье» ЖИТС-ке қарсы күрес  Бүкіләлемдік  компаниясының жүргізілуіне орай, ағымдағы жылдың 10 қараша – 10 желтоқсан аралығында М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында ЖИТС-ні алдын алу, түсіндіру бағытында «Нашақорлық – XXI дерті» атты шара өткізіліп, көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегудің алдын алу. Балаларды жаман әдеттерден қорғау. Нашақорлықтың себеп-салдары (темекі, алкоголь, есірткілер және басқа да уытты заттар), тұлғаның тән саулығы және үлгілік-өнегелі қалыптасу мәселелеріне баса көңіл бөлу. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, баланың рухани өзегінің берік болуына, өскелең ұрпақтың рухани әлемін байытуға ықпал ету.

 

Шара барысында  оқушылар нашақорлық саласындағы бірқатар ұғымдарды білудің маңыздылығына көз жеткізді. Жасөспірімнің нашақорлыққа  шалдығуға  турасында  ойланды. Кітапханашының, бір-біріне қойылған  сұрақтарға жауа беріп, есірткіге қарсы өз айғақ-дәйектерін алға тартуды үйренді.