«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
2017 жылдың 13 желтоқсан күні мектептің 3сынып оқушыларына 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

2017 жылдың 13 желтоқсан күні мектептің   3сынып оқушыларына 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларға желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді, Тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздан айырылғанымыз жөнінде оқушыларға жете ұғындыру. Отанын  қорғауға, елін құрметтеуге, жерін қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденіштік, зерттеушілік қасиеттерін дамыту.     

Шара  барысында  оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының болу себептерін және Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру, рухани дүниетанымын дамыту, Отан-Ананы құрметтеуге, Тәуелсіздігімізді бағалай білуге, Тәуелсіздік жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен ерліктерін әрдайым есте ұстауға үлгі ете білу жөнінде мағлұмат беріліп, мектептің кітапхана меңгерушісі А.Абдуалиева «Егемендік-ежелден ел тілегі»атты көрмемен таныстырды. Сонымен қатар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» мақаласы туралы да түсіндірілді. Шара соңында Тәуелсіз елімізге арналған жыр-шумақтар оқылып,   кітапханашы оқушылардың сұрақтарына жауап берді.