«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
«Рухани жаңғыру» атты шара өткізіліп, көрме ұйымдастырылды.

Рухани жаңғыруды сипаттау, патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау мақсатында 2017 жылдың   10 қазан күні  М.Б.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында  «Рухани жаңғыру» атты шара өткізіліп, көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыру, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқушылардың бойында ұлттық  сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған  халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, оқушылар рухани жаңғырудың–табысты ел болуымыздың кепілі екенін түсініру.            

   

Шара барысында кітапхнашы  оқушыларға «Мәңгілік ел» патриоттық актісі туралы, Қазақстан  Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылғандығын, Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шыққандығын түсіндіріп өтті.