«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
2018 жылдың 14 наурыз күні мектеп кітапханашысы балалар мен жасөспірімдердің суицидттік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша «Әдебиеттік оқу сағатын» және «Өмір ғажап» атты көрме ұйымдастырды

2018 жылдың 14 наурыз күні  мектеп кітапханашысы балалар мен жасөспірімдердің суицидттік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша «Әдебиеттік оқу сағатын» және «Өмір ғажап» атты көрме ұйымдастырды.

 Мақсаты:

- Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын кеңейту;

- Өмірлік ұстанымын таңдай білуге баулу;

- Өмір құндылықтарының мәнін ашу;

 

Шара барысында мектептің кітапханашысы А.Абдуалиева  оқушыларға «Өмір ғажап» тақырыбы үлкен, ауқымды, мағынасы тереңде,  ақыл-парасатты, білімді, сабырлылықты, шыдам,төзімділікті қажет ететін мәселе екенін атап өтті. Өмірдің бағасын білу үшін, екі маңызды нәрсені: бізге біреудің жақсы көргені қажет және өз өзімізге жақсы қарап, өзімізді жақсы көруіміз қажет екенін естен шығармауымызды айтып түсіндірді. Кіріспе бөлімінде мектеп кітапханашысы және  оқушылар бір-бірлеріне  күннің сәтті өтуіңе жақсы-жақсы тілектер айтты. Кейбір адамдар өз қадірін білмей, өздерін ештеңеге пайдасыз, қолымнан ештене келмейді деп ойлайтынын, бірақ, бұл өте қате көзқарас екенін айтып,  әр адам тұлға екені аталды. Әр адамға жағымды және жағымсыз қасиеттер тән болғандықтан, өзінің жақсы қасиеттерін байқау мақсатында оқушыларға қысқаша жақсы сөздерден тұратын сипаттама оқылды.    Шараның «Өмірдің мәні неде?», «Мен үшін өмір...», «Бақытты өмір ол..» деген айдарларында  оқушы осы сұрақтарға өз пікірлерін ашық айтып, өз ойларын ортаға салды.

 

4 сынып оқушысы Мұса Кәусар М.Мақатаевтың «Шыда» өлеңін жатқа оқып, оқушылармен бірігіп өлеңге талдау жасалды.    Шара соңында кітапханашы оқушыларға Құдық туралы әпсана әңгімені оқып берді. Талдау жасалып, сұрақтарға жауап берілді.