«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
М.Б.ЫҚСАНОВ АТЫНДАҒЫ №36 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ БОЙЫНША «ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІНІҢ» 2016-17 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Бекітемін:  
Мектеп директоры :              А.Губашева

 

М.Б.Ықсанов атындағы  №36 орта жалпы білім беретін  мектебі бойынша «Озат тәжірибе мектебінің» 2016-17 оқу жылына  арналған жұмыс жоспары
Мақсаты:Мұғалімнің кәсіби шеберліктерін шыңдай отырып қоғамдық білімнің жаңа құбылыстарын түсінетін, көзқарастар жүйесіне ие,  шығармашыл мұғалімдердің мен озат іс- тәжірибелерін жинақтап насихаттау және тарату жан- жақты білімді, әлеуметтік белсенді шығармашылық тұрғыда дамитын тұлғаның қалыптасуына сай кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалімдердің жұмысын дамыта отырып, жас  ұстаздар мектебі мен шығармашылық  топпен сабақтастықты жүзеге асыру.Өзара тәжірибе алмасу, өздігінен білім көтеру, кәсіби құзыреттілігін көтеру арқылы өз ісінің шеберін дайындау

 

Міндеті:

  • мұғалімдердің педагогикалық іс – тәжірибесін зерделеу, зерттеу, тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
  • оқушылардың жеке қасиеттерін ашу, өз бетімен ізденуге баулу, шешімдер қабылдау және шығармашылығын дамытуға бағыттау;
  • баспа жұмыстарын жоспарлау және жариялау;
  • Мұғалімдердің семинар-конференцияларды бастамашылдық әрекетімен өткізу;кәсіби сайыстарға қатысу;он- лайн семинарларына қатысу;
  • 3.Озық іс-тәжірибелерді, жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды енгізу және пайдалану, жас ұстаздар мектебіне шеберлік сыныптар ұйымдастыру;
  • 4.ОПКБА және ҚДИ, ҚазИИТУ-мен  байланыс орнату;
  • 7.Мұғалiмнiң шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға, қабiлеттiлiгi мен қызығуын тудыру және оқу- тәрбие үрдiсiнде  дамытуға жағдай жасау;
  • жас  ұстаздар мектебі мен шығармашылық  топпен сабақтастықты арттыру
  • 8. Мектепішілік олимпиадалар, сайыстар материалдары мен Ережелерін бекіту.