«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
М.Б ЫҚСАНОВ АТЫНДАҒЫ №36 ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНДЕ 1 ЖЕЛТОҚСАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СПИДПЕН КҮРЕК КҮНІНЕ ЖӘНЕ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» ІС-ШАРАНЫҢ ӨТУІ ТУРАЛЫ

А н ы қ т а м а

 

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бір –салауатты өмір сүру , оны насихаттау мәселесі.  Осыны назарға ала отырып, 2016 жылдың 28 желтоқсан күні  М.Б Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИДпен күрек күніне  және ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығына байланысты «Жасөспірім және қоғам» атты дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелге 
22 оқушы , ДТЖО А.Куатова,  сынып жетекшілер және мектептің әлеуметтік педагогі қатысты. 
Мақсаты: есірткі заттарының , ішімдік ішу мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, келешек өміріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге атсалысуға тәрбиелеу. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қортындылай білуге,олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.
Наркобекет ұйымында еріктілер тобы жұмыс жасайды. Ол топ жыл сайын ауысып отырады. Биылда волонтерлар тобына қабылданған 
10 сынып оқушыларына арнайы куәліктер табыс етілді. Сонымен қатар,пікірлесу кешіне салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан арнайы маман Бериккалиев Адилет қатысып, оқушыларға көптеген мағлұматтар берді. Теориялық тұрғыдан айта келе, адам ағзасына тигізетін зиянды нәрселерді практикалық тұрғыдан көрсетті. Атап айтсақ, шылым шеккен кезде адам ағзасы қандай күйде болатынын куыршақ арқылы көрсетсе, ішімдіктің зияны туралы көзәйнек арқылы көрсетті. Сонымен қатар,кеш барысында «сандар сөйлейді» атты тренинг жүргізілді. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. «Күн тәртібін тиімді пайдалану үшін қандай кеңестер берер едіңіз?», «Сіздің орталықта волонтерлар тобы бар ма? Оган неше жастан бастап қабылдайды және қандай іс –шаралар атқардыңыздар?», «Сіздердегі соңғы деректер бойынша Бат.Қаз. облысы бойынша нашақорлық қаншалықты өсіп немесе кеміп отыр?» деген сұрақтарға Адилет Берікқалиев нақты әрі түсінікті етіп жауап берді.

 

 

М.Б Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИДпен күрек күніне  және 
ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығына байланысты өткен  іс-шара. 28.12.2016 ж