«М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
0
2021-2022 оқу жылына арналған оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша есеп

Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп кітапханасында оқушылармен түрлі шаралар өткізілді. Шаралардың негізгі мақсаты оқушыларды кітап оқуға ынтасын арттыру.  Ең алдымен оқырмандарға  «Оқуға құштар мектеп» жобасы  түсіндіріліп, осы жоба аясында жаңадан келіп түскен кітаптарды таныстыру бағытында  «Жаңа кітаптар жаңалығы» атты библиофлэш өткізіліді.  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Классиканы оқып, жаратылыстануды тану» бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқу акциясы ұйымдастырылды.

Мектептің кезекші сыныптары үзіліс кезінде бір мезетте ертегілерді оқып, өз түсініктерін айтып, бір сынып өздеріне ұнаған ертегі кейіпкерлерін қағаз беттеріне суреттесе, енді біреуі ермексаздан  мүсін жасады. Сонымен қатар бұл кітаптарды сыныпта оқып қана қоймай, үйлеріне алып оқып, ертегілердің маңызын зерттеп, қиялдады. Ертегілер арқылы қажетті дағдылар күнделікті өмірде қолдана білетіні айтылды. Шара мақсаты оқушылардың  ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіру, сол арқылы оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша оқу марафоны желтоқсан-тамыз айларында апта сайын сейсенбі-жұма күндері өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7б сыныбына «Бір сынып  бір кітап» атты кітап оқу акция аясында әдеби кеш өткізілді. Шара оқырмандарды жаңа кітаптардың таныстырылуымен бастау алды.  Әрі қарай оқырмандар белгілі бір кітапты таңдап, оны оқи отырып, 7а,7в сыныптарға жарнамалап  челлендж өткізді. Жалпы шара мақсаты білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру,  оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту болып табылады.

Қысқы демалыс кезінде «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты» акциясы аясында  4-сыныптардың қатысуымен «Мен әлемді білемін» атты танымдық ойын-викторина өткізілді. Ойын бес бөлім бойынша ұйымдастырылып, балалардың білім нәтижесі, терең ойшылдығы, танымдық қызығушылығы сынға түсті.

Сонымен бірге «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 7-9 сыныптар арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру,  рухани мәдениетін көтеру мақсатында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қоз¬ғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез-келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.

Сонымен бірге  ұзтаздар арасында да «Оқуға құштар мектеп» жобасында аясында жаңадан келген кітаптарда алдын ала беріліп, «Ұжыммен бірге оқимыз» акциясы ұйымдастырылуда.  Алдағы уақытта мектеп, бала, ата-ана ның қатысуымен шаралар жоспарды тұр. Шара мақсаты  отбасымен оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу, отбасылық оқу дағдыларына бейімдеу, кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру. Жалпы шараға мектептен 500 ден аса оқушы тартылды.